Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 29 қазанда № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Қонаев қаласы мәслихатының депутатын сайлауы өтетінін хабарлайды.
Сайлау округінің шекарасына келесі сайлау учаскелері кіреді:
- №953 (Заречный ауылы, Центральная көшесі, № 22, ауылдық дәрігерлік амбулатория);
- №954 (Заречный ауылы, Дзержинский көшесі, № 3а, №12 орта мектеп);
- №955 (Арна ауылы, №11 орта мектеп);
- №965 (Заречный ауылы, № 3660 әскери бөлімі).
Сайлау тек осы сайлау учаскелері бойынша өтеді.
Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1-тармағында көзделген.
Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдері сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен айқындалды.
Алдағы уақытта болатын сайлау туралы толығырақ ақпаратты біздің интернет-парақшамыз бен қалалық «Нұрлы өлке» газетінен алуға болады.