ЖОБА
«Қонаев қаласында және аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтерін белгілеу туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қонаев қаласының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері келесі мөлшерде белгілесін:
- жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
- жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қонаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.