ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 20 тамызда Қонаев қаласы Заречный ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Қонаев қаласы Заречный ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3641 азамат енгізілді, олардың 1239-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 25, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған – 23.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Несіпбаева Гүлбану Сейткенқызы – 943;
Салықбаев Дидар Алшынбекұлы – 42;
Чалагулов Батырхан Жұмақанұлы - 206.
Заречный ауылдық округінің әкімі болып 1990 жылы туған, Заречный ауылында тұратын, Заречный ауылдық округі әкімінің орынбасары Несіпбаева Гүлбану Сейткенқызы сайланды.
Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 20 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 20 тамызда сайланған Қонаев қаласы Заречный ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы