ЖОБА Қапшағай қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды,

ЖОБА

 

Қапшағай қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1)      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және де материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

2)      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

  1. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 150 метр арақашықтықтаайқындалсын.
  2. Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 наурыздағы «Қапшағай қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» № 2-10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  2016  жылы  6  мамырда № 3819 тіркелген, 2016 жылдың 16 мамырында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Депутаттық өкілеттілігі, заңдылық, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қапшағай қалалық мәслихат                         Қапшағай қалалық

сессиясының төрағасы                                     мәслихатының хатшысы

_______________ С. Ақылтаев                          ______________Қ. Ахметтаев

 

НПА решение рус
Дата публикации
11 июля 2020