«Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
- Жалпы ережелер
- «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлікті өңірлік деңгейде дамытудың бюджеттік саясатын заңда ескерілген шекте жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс және қала әкімдігінің шешімдеріне, облыс пен қала әкімдігінің қаулыларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Бөлімнің құрылтайшысы және мүлкінің иегері Қапшағай қаласының әкімдігі.
- Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040800, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыла көшесі, 13 үй.
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құралтай құжаты болып табылады.
- Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетте атқарушы органдарды ұстауға ескерілген қаржылар есебінен жүзеге асырылады.
Бөлім басқа заңды тұлға құра алмайды, сонымен қатар құрылтайшы бола алмайды.
- Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.