Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Елді мекендегі салық салу объектісінің

орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу

коэффициентін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 6 тармағы 529 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Қапшағай қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.

2. «Қапшағай қаласы сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне

1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Нұрғазиевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н. Құматаев

 

Постановление
Дата публикации
24 июня 2020