Қонаев қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «11» шілде
№747 қаулысына қосымша
«Қонаев қаласының құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж ЕС І
Егер Бөлемге заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) тұрғын үй құрылыс бойынша бюджеттік бағдарламаларға сәйкес қалалық объектілерді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша жылдық және перспективтік бағдарламаларды әзірлеу;
2) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзгеде де міндеттер.
1) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік сатып алуды (жергілікті бюджет қаржысы есебінен немесе оның қатысуымен орындалатын объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу) іске асыруды қамтамасыз ету;
3) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің трансферттері есебінен салынатын объектілер құрылысының барысына, реконструкциялануына бақылауды жүзеге асыру;
4) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
5) қабылдау комиссияларымен объектілерді пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және оларға қатысу;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзгеде де функцияларды жүзеге асыру;
1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына ұсыныстар еңгізу;
2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзіге асыру;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Бөлім қызметкерлерің қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды;
3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, соңдай-ақ өз қызметі нәтижесіне сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалпытастырылады.