«Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

                                                                                                                        Қонаев қаласы әкімдігінің                                                                                                                                                2023 жылғы 11 шілдедегі № 747                                                                                                                                      қаулысымен бекітілген қосымша

 

«Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлімге қарасты мекемелер:

1) «Қонаев қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

2)  «Шеңгелді ауылының Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

3) «Қонаев қаласының кітапханасы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

4) «Арна ауылының клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

5) «Қонаев қаласының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, № 13.

10 . Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

  1. Мемлекеттік органның атауы:

Толық:  «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Қысқаша: «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

12 Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

  1. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеттері:

1) Мәдени қызметтер шеңберінде облыс азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, мәдени құндылықтарды жасау, пайдалану және тарату, сондай-ақ дене шынықтыру және спортты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

2) Қазақ және басқа да ұлттық мәдениеттің таралуын, дамуын, сақталуын және жандануын қамтамасыз ету, тарихи-мәдени мұраны сақтау үшін жағдай жасау.

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастырады және оған дербес жауапты болады

         4) Дене шынықтыру және спорт жұмыстарын бақылау және үйлестіру, саланың ақпараттық-жарнамалық ісін ұйымдастыру.

5) мемлекеттік тілдің басым жағдайымен және Қонаев өңірінде тұратын халықтардың тілдерін дамытумен мемлекеттік үштұғырлы тіл саясатын тиімді іске асыру;

6) азаматтардың мәдени қызметтерді пайдалануға конституциялық құқығын қамтамасыз ету;

7) өңір аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

8) халыққа мәдени қызмет көрсетуді жетілдіру және мәдени байланыстарды одан әрі дамыту;

9) өңір аумағында мәдениет объектілерін дамытуды қамтамасыз ету;

         10) басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасау;

11) өңір тұрғындарын кітапханалық, ақпараттық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру, кітапханалар жинайтын және ұсынатын ақпарат пен мәдени құндылықтардың жалпыға бірдей қолжетімділігі үшін жағдай жасау;

12) қаланың спорттық ұйымдары үшін мамандар даярлауды, сондай-ақ олардың іскерлік біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру, қала халқының тұрмысына дене шынықтыру мен спортты енгізу, дене шынықтыру мен спорттың рөлін арттыру, жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын сауықтыру.

13) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

  1. Өкілеттіктер:

Құқықтары:

1) мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, мекемелерден және барлық меншік нысанындағы ұйымдардан бөлім бастығының құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, ауызша және жазбаша түсініктемелерді алу.

2) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап етуге, тиісті лауазымды тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін тыңдауға және талап етуге құқылы.

3) мәдениет саласының дамуын ғылыми-ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу және іске асыру үшін мәдениет пен баспаның ғылыми-зерттеу ұжымдарын, сценаристерді, қоюшы режиссерлерді, ғылыми өнертанушыларды шарттық негізде тартуға құқығы бар. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын барлық мәмілелер қазынашылық бөлімшесіне тіркеледі.

Міндеттері:

1) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу.

2) қалалық бөлімдерде және басқа қалалық қызметтерде аппараттық жиналыстарға қатысады.

3) заңнамалық актілер негізінде және оларды орындау үшін бұйрықтар шығару.

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

16) Функциялары:

1) Президент, Үкімет актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, облыс әкімінің, қала әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

2) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

3) Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен қызметтік хат-хабарлар алмасуды жүзеге асыру;

4) Бөлім қалалық жоспарларды іске асыруға бақылауды әзірлейді және жүзеге асырады.

5) белгіленген тәртіпте қалалық, облыстық конкурстардың жеңімпаздарын, мәдениет және спорт, ұйым қызметкерлерін, ұжымдарды дипломдармен, сыйлықтармен, грамоталармен марапаттайды.

6) Кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға жәрдем көрсетеді.

7) қалалық және облыстық жарыстарға мәдениет және спорт қызметкерлерін даярлау және олардың қатысуын жүзеге асырады.

8) өңірде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы облыстық нысаналы бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

9) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы әлеуметтік процестерді, олардың өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жай-күйі мен дамуына әсерін талдайды және болжайды;

10) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік мекемелер мен Мемлекеттік кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің бағдарламаларын ұйымдастырушылық қолдауды жүзеге асырады;

11) мекемелердің мәдени-ағарту, кітапхана кадрларымен қамтамасыз етілуін зерделейді;

12) түрлі ведомстволар ұйымдастыратын мәдени іс-шараларды өткізу жоспарларын үйлестіреді, мәдени бағыттың бірыңғай күнтізбелік жоспарларын құрады;

13) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы әлеуметтік процестерді және олардың ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына ықпалын таңдап, болжам жасайды.

14) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындарының, қоғамдық бірлестіктердің бағдарламаларына ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді;

15) зорлықты дербес көркем халық шығармашылығына тарту, мәдени бос уақытты ұйымдастыруға ықпал ету жеке тұлғаның үйлесімді эстетикалық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау;

16) білім және мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық және жедел қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік тілді оқыту;

17) мемлекеттік қызметшілерді, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін, заңды және жеке тұлғаларды сөздіктермен, оқулықтармен, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік тілге оқытуды ұйымдастыру.

18) кітап қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларына кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

19) бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді;

20) бөліммен қабылданатын шешім бөлім басшысының бұйрығымен ресімделеді.

21) Қонаев қаласы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

22) Қонаев қаласының аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді

23) қалалық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерімен өзара әрекеттесу.;

24) Келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

         - спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядтыспортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

- «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының

чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетеді;

  • мынандай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты

жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер,біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;

 

 

3 тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

 

  1. Бөлім басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Өкілеттігі.

1) Бөлім басшылықты жүзеге асырады.

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін, қалалық және ауылдық Мәдениет үйі мен кітапхананың директорларын тағайындайды және босатады.

3) Бөлім қызметкерлерін, қалалық және ауылдық Мәдениет үйі мен кітапхана директорларын көтермелейді және тәртіптік жауапкершілікке тартады.

4) Бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі.

5) қала әкімдігімен бекіту үшін Бөлім туралы ережеге қол қояды.

6) қабылданған актілердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді, құжат айналымының ұйымдастырылуын, жұмыстың және еңбек тәртібінің орындалуын бақылайды, Бөлімнің құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды,бөлімдегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді.

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бөлімнің  мүлкі мен құралдарына билік ету құқығында.

8) бөлім аппаратының, мәдениет үйі мен кітапхананың мемлекеттік қызметшілерін аттестаттауды ұйымдастырады, қала әкімімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.

9) Бөлімнің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады.

10) Бөлімнің қызметкерлерінің материалдық көмек, еңбек демалысы және іссапар ақысын төлеу, қосымша ақы төлеу туралы мәселелерін шешеді;

11) Заңда белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қабылдайды;

  1. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
  2. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  3. Бөлім қабылдаған шешімдер бөлім басшысының бұйрығымен бұйрығымен қабылданады.

 

 

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5 тарау. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімімен енгізіледі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркеледі.

 

6 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Положение
Дата публикации
23 июня 2020