Қонаев қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «11» шілдедегі № 747
қаулысымен бекітілген
7 қосымша
«Қонаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
- Жалпы ережелер
- «Қонаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы аумағында филиалы мен өкілдігі жоқ.
- Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, № 13.
- Мемлекеттік органның толық атауы – «Қонаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
- Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Бөлімнің құқықтары мен мiндеттерi
- Міндеттері:
1) кәсiпкерлiктi, ауыл шаруашылығы және туризмды дамыту саласындағы бағыттарды айқындау және бiрыңғай саясат жүргiзудi қамтамасыз ету;
2) кәсiпкерлiктi, ауыл шаруашылығы және туризмды дамыту және қолдау бойынша мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаны әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысу;
3) кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымын дамыту;
4) ішкі және сауықтыру туризмды дамыту мен қолдауды жүзеге асыру, сонымен қатар аймақтың туристік индустриясына инвесторлық салымдарды жасауға қолайлы жағдай жасау;
5) Қонаев қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
6) агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету;
7) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін экономикалық жағдайларды жасау.
- Құқықтары:
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
- мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
- жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
- өз құзыры шегінде жоғары тұрған органдарға жетекшілік салалары бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және туризм саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- өз құзыры шегінде заңда белгіленген тәртіп бойынша кеңес өткізуге;
- қалаға қарасты басқа атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тартуға;
- бөлімді қайта ұйымдастыру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
- Міндеттері:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
- жетекшілік ететін салалары бойынша оны дамытуды жақсарту мәселелері жөнінде шешімдер мен ұсыныстар жасауға қатысуға;
- Бөлімнің құзыретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
- 17. Функциялары:
- қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын, өнеркәсіпті, шағын кәсіпкерлікті, сауда, қызмет көрсету салаларын, сауда базарларын, инвестициялық және инновациялық саясатты, ауыл шаруашылығы және туризм салаларының даму жоспарын әзірлеуге қатысады;
- өнеркәсіп кәсіпорындарының, шағын кәсіпкерлік, сауда, қызмет көрсету саласы, сауда базарлары, инвестициялық және инновациялық саясат, ауыл шаруашылығы, туризм салалары мекемелерінің жұмыс жасау бағытын айқындайды;
- өнеркәсіп кәсіпорындарының, шағын кәсіпкерлік, сауда, қызмет көрсету саласы, сауда базарлары, инвестициялық және инновациялық саясат, ауыл шаруашылығы, туризм салалары бойынша іске қосу және жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта жаңарту, қосымша жұмыс орындарын ашу жөнінде шаралар әзірлейді және орындайды;
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қызметтерінің мониторингін жүргізеді;
- қаланы инвестициялық және инновациялық, ғылыми–техникалық, соның ішінде өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлік, сауда, ауыл шаруашылығы және туризм салаларын дамытудың негізгі бағыттарын және болжамдарын әзірлеуге қатысады;
- қала кәсіпорындарын тарта отырып облыстық және аудандық көрмелерді ұйымдастырады;
- инвестициялық саясатты іске асырады және қаланың экономика саласын дамытуға инвестициялар мен несиелер тартуға жағдайлар жасайды, мемлекеттік даму институттарымен, екінші деңгейдегі банктермен, шағын кәсіпкерлікті дамыту қорымен, шетел инвесторларымен және де басқа мүдделі органдармен қарым-қатынаста болады;
- басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ықпал етеді, инвестициялар тартуға жәрдемдеседі;
- экономиканың нақты секторында, инвестиция саласындағы бағдарламалар, стратегиялық жоспарлардың бөлімдерін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
- қаланың инвестициялық бағдарламаларын іске асыру үшін қаржы институттарының, шетелдік және отандық инвесторлардың қаражаттарын тартуға ықпал етеді;
- шағын кәсіпкерлікті дамыту және шағын кәсіпкерлікті дамытуды несиелендірудің мемлекеттік саясатын насихаттау бойынша шаралар қабылдайды;
- жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылып жатқан кеңес-жиналыстық органдарды ұйымдастырады және қатысады;
- тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтің маңызды түрлері бойынша бағаларына мониторинг және оған талдауын жүргізеді;
- қаладағы сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, базарларға, ауыл шаруашылығы, туризмге қатысты мәліметтер жиынтығын қалыптастырады;
- ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауылдық елді мекендерді дамыту мониторингін жүргізеді;
- сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және базар, ауыл шаруашылығы, туризм кәсіпорындарының қызметінің мәселелері бойынша кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді;
- сауда қызметін дамыту, тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органдардың төтенше резерві есебінен шаралар өткізеді;
- жергілікті атқарушы органдардың кезек күттірмес шығындар резерві есебінен шаралар өткізеді;
- АҚ қалыптастыруға бірінші кезекті қажет азық-түлік және өнеркәсіп тауарлар қорын қалыптастыруды және бейбіт уақытта және жұмылдыру (айрықша) кезеңдегі төтенше жағдайларда зардап шеккен тұрғындарды ұйымдастырады;
- қалаға қарасты сауда, тамақтандыру және материалдық қамтамасыз ету қызметтерінің дайындығына бақылауды жүзеге асырады;
- мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын жүзеге асырады;
- мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
- сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
- стихиялық сауданың алдын алу жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді;
- iшкi сауда саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға және мынадай бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқылы: «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 204-бабына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау; «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 204-4 бабына сәйкес iшкi сауда субъектiсiнiң әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасында белгiленген сауда үстемесiнiң мөлшерiн арттыруы фактілеріне;
- «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 199 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату жөніндегі талаптарын бұзу деректеріне қатысты хаттамалар жасауға құқылы;
- жол бойындағы сервисті дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
- туризм саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмды дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;
- аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
- балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
- туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
- аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;
- туризм саласындағы облыстық мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
- ішкі және сауықтыру туризмін дамыту мен қолдауды жүзеге асыру, сонымен қатар аймақтың туристік индустриясына инвесторлық салымдарды жасауға қолайлы жағдай жасау;
- ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
- Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу, жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
- ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бекітілген қағидаларына, регламенттеріне, стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекеменің статусы мен басшының құзыреті
- Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын біріншібасшысы жүзеге асырады.
- Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
- Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Бөлімнің мүлігi
- Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
- Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.