Қонаев қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «___» _________
«Қонаев қаласының мемлекеттік
мекемелерінің қайта
ұйымдастырудың
кейбір мәселелері туралы»
№ _____ қаулысымен
қосымша бектілген №__
«Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі» (одан әрі мәтін бойынша-бөлім) қала әкімін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, кеңесші және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету, Қонаев қаласының аумағында жер қатынастары саласындағы қызметтерді орындаудың өкілетті мемлекеттік органы болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзгеде нормативтік құқықтық актілерге, сондай ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.3. «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкісі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
1.4. «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтайшысы болып Қонаев қаласының Әкімдігі болып табылады.
1.5. Бөлім азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
1.6. Бөлім, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
1.7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
1.8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
1.9. «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекен жайы: индекс 040800, Қазақстан Республикасы. Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыла көшесі, №4.
1.10. Мемлекеттік органның толық атауы- «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
1.11. Осы Ереже «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
1.12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
1.13. Бөліміне кәсіпкерлік субъектілермен «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға тыйым салынады.
Егер бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.1. Табиғи ресурстарды, елдің өмір сүру деңгейінің негізі ретінде жер қорын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағының бүтінділігін, қол сұғылмайтын және ажырамайтын негізгі қағидаларына сүйене отырып Қонаев қаласы жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі Қонаев қаласының аумағында жер қатынастарын басқару және реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүргізу миссиясы жүзеге асырылады.
2.2. Негізгі міндеттері:
Қонаев қаласының аумағында жер ресуртарын басқару және жер қатынастарын реттеу саласында қала әкімін ақпарттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, кеңесші және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету.
2.3. Міндеттер:
1) Жер беру және олардың нысаналы мақсаттарын өзгерту жөніндегі Қонаев қаласы әкімдігі қаулыларының жобалары мен ұсыныстарын дайындау;
2) Жерге орналастыру жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналстыру жобаларын бекіту;
3) Қаланың жерлерін ұйымдық пайдалану жөніндегі бағдарламалардың (жобалардың, сызбалардың) және жерлерді аймақтандыру жобаларын жасауды ұйымдастыру;
4) Елді-мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналасу жоспарларын жасауды ұйымдастыру;
5) Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға Қонаев қаласы әкімдігінің рұқсаиын беру туралы ұсыныстар дайындау;
6) Мемлекеттік қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып алу жөніндегі ұсыныстар дайындау;
7) Ауыл шаруашылығының пайдалы жерлерін бір түрінен басқасына аудару туралы ұсыныстар мен қала әкімдігі шешімдерінің жобаларын дайындау;
8) Мемлекеттің жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің бағалық құнын белгілеу;
9) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігін анықтау;
10) Жер саудасын (аукциондар, байқаулар) өткізуді ұйымдастыру;
11) Жер пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық бағдарламаларды, сызбаларды және жобаларды сараптамадан өткізу;
12) Барлық жер туралы есеп жасау және олардың санаттары, жер учаскелерінің иелері бойынша бөлу;
13) Жер учаскесіне құқықтығын куәландыратын құжаттар беру;
14) Сатып алу – сату келісім-шарттары мен жер учаскесін жалға және уақытша өтеусіз пайдалануға беру келісім-шарттарын жасау;
15) Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің төл құжаттарын беру;
16) Қазақстан Республикасының жер заңнамаларын бұза отырып пайдаланылатын және пайдаланылмайтын жерледі анықтау;
17) Иесіз қалған жер учаскелерін есепке алу;
18) жер учаскелерiн уақытша жер пайдалануға беру туралы шарттық мiндеттемелердi орындамауына байланысты сотқа талап арыздарды дайындау және беру
2.4. Құқықтары мен міндеттері:
1). Мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, жерлерді пайдалану және қорғау мәселері бойынша қажетті ақпараттар талап ету және алу;
2).Бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен хат алмасу;
3). Қонаев қаласы әкімдігінің қарауына заң актілерімен қарастырылған негіздерде жер учаскелеріне меншіктік құқықтары мен жерді пайдалану құқықтарын тоқтату туралы ұсыныстар енгізе;
4). Бөлімнің құзырына сәйкес, қала әкімінің тапсырмаларымен шешімдер мен өкімдердің жобаларын дайындау;
5). Жер заңнамаларына қайшы келетін жергілікті мемлекеттік басқару органдары нормативтік актілерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
3.1. Бөлімнің басшылығын, бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім бастығы жүзеге асырады.
3.2.Бөлімнің бастығын Қонаев қаласы әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3.3. Бөлім Бастығының міндетіне төмендегі өкілеттіктер кіреді:
1) Бөлімнің қызметіне жалпы басшылық жасап, үйлестіріп отырады және қызметкерлердің міндеттерін, жауапкершілігін және өкілдерін белгілейді;
2) Бөлім қызметіне керекті материалдар мен техникалық құралдарын сатып алу жұмыстарды асырады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, Бөлім қызметкерлерін лауазымдыққа тағайындайды және лауазымдықтан босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте Бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
5) Бөлім бойынша бұйрық шығарады;
6) Бөлімнің қызмет бабына сәйкес азаматтары мен заңды тұлғалардан түскен арыз шағымдарды қарастыру бойынша жұмыстарын ұйымдастырады;
7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер жүргізуге және сыбайлас жемқорлықтың алуға бағытталған шараларына тікелей жауапкершілік танытады;
8) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімді сенімхатсыз ұсынады;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес, басқа өкілдіктерді жүргізеді;
3.4. Бөлімнің бастығы лауазымдық міндеттерін орындау мақсатында төмендегі құқықтарға ие:
1). Қонаев қаласының жер қатынастарын басқару және реттеу сұрақтарына байланысты Бөлім қызметкерлеріне осы сұрақтарын қарауға ұсынылатын мәселелеріне байланысты нұсқау беру;
2). Қонаев қаласының жер қатынастарын бақылау және реттеу сұрақтары бойынша қажетті ақпарат алу;
3). Бөлімнің міндет бабына орай жеке және заңды тұлғаларымен келісім шарттарды жасау;
3.5. Бөлім бастығы жоқ болған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орнын басатын тұлға Бөлім бастығының міндетін атқарады.
3.6. Жер қатынастарын басқару және реттеу функцияларын арттыру үшін Бөлім әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлерінен құрылған. Бөлім бастығы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім қызметкерлерінің міндеттерді белгілейді.
3.7.Бөлім бастығы және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала әкімі тағайындайды.
3.8. Бөлім бастығы қала әкімімен, оның орынбасарлары және аппарат жетекшісінің тапсырмаларының және жүктелген міндеттердің дер кезінде орындалуына дербес жауапкершілікте болады.
3.9. Бөлім бастығы өзіне сеніп тапсырылған жұмысты ұйымдастырады, міндеттерді мамандары мен қызметкерлердің арасында бөледі.
4.1. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
4.2. Бөлім мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құрылады, негізгі және айналымдағы құрал-жабдықтардан, сонымен бірге Бөлімнің балансына құны көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.
4.3. Бөлімге бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
4.4.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгеде тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5.1. Бөлімнің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар Құрылтайшының шешімімен енгізіледі.
5.2. Ереже Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің аумақтық органдарында тіркелуге жатады.
6.1. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.