«Қонаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

                                                                                                                       Қонаев қаласы әкімдігінің                                                                                                                                                 2023 жылғы «___»__________ «Қонаев                                                                                                                             қаласының мемлекеттік мекемелерін                                                                                                                           қайта ұйымдастырудың кейбір                                                                                                                                       мәселелері туралы» № _______                                                                                                                                         қаулысымен бекітілген

                                                                                                                       қосымша №___

 

«Қонаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қонаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қонаев қаласының ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы аумағында филиалы мен өкілдігі жоқ.
  6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, № 13.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қонаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Бөлімнің миссиясы: Қонаев қаласында ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру.
  2. Міндеттері:

1) қалада ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) қалада Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

3) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу;

4) аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау қызметін үйлестіру;

5) этникалық қарым-қатынасты орнықтыру, ұлтаралық бірлікті нығайту, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен қалыптастыру;

6) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

7) этномәдени бірлестіктермен байланысты орнықтыру.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен қала әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

2) саяси және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу;

3) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

4) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

5) Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық-ұйымдастырушылық көмек көрсету;

6) мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша қала аумағында акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

7) қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеологиялық қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;

9) мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану тәжірибесін талдау, ақпараттарды өңдеу мен жинауды жүзеге асыру, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

10) Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен қызметтік хат-хабарлар алмасуды жүзеге асыру;

11) саяси партиялар, қоғамдық-саяси, діни бірлестіктер қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық  материалдар дайындау;

12) ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның бірігуі мен дінаралық тұтастықты қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;

13) бұқаралық ақпарат құралдарымен мақсатты шараларды дайындап өткізу, өзара әрекеттестікті үйлестіру және ұйымдастыру;

14) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асыру;

15) жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, әдістемелік, кеңестік, ұйымдастыру, іс-тәжірибелік қолдау көрсету;

16) саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, қоғамдық-саяси қозғалыстармен өзара әрекеттестік проблемалары жөнінде «дөңгелек үстелдер», семинар-тренингтер, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

17) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша шараларды жүргізу;

18) этномәдени бірлестіктерінің қызметін үйлестіру;

19) қала аймағында әлеуметтік жарнамаларды орналастыру, олардың жағдайына тиісті мониторинг жүргізу;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

3) бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен қызмет бабында хат алмасу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Бөлімнің басшысын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қала әкімі тағайындайды және қызметінен босатады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  4. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) мемлекеттік органдар мен басқа  да  ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;

6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

7) бөлімге қатысты құжаттарды және лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;

8) бөлімнің құзырындағы қала әкімі мен әкімдігінің, жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық актілерін, бағдарлама жобаларын және басқа да құжаттардың орындалуына бақылау жүргізеді;

9) бағдарламалар мен жоспарлар аясында атаулы шаралар өткізуді ұйымдастырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

  1. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар заңды тұлғаның меншік иесінің (құрылтайшысының) шешіміне сәйкес енгізіледі және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің жергілікті органдарында тіркеледі.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

Дата публикации
23 июня 2020