«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанда 2009 жылдан іске асырыла бастады.
Бағдарламаның басты мақсаты – ауылды аумақтардың кадр әлеуетін қажетті еңбек ресурстарымен, атап айтқанда әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешені салаларының мамандарымен қамтуды күшейту, кадр жетіспеушілігін болдырмау.
Бағдарламаға ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері оқу орынын жаңа бітірген мамандар, ауылға тұруға және жұмыс істеуге келген еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысуға шешім қабылдаған мамандарға мемлекет жұмыс береді және әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді. Бағдарламаға қатысушыға 100 еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы, бұл көрсеткіш 2022 жылы 306 300 теңгені құрайды, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – 1500 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 2022 жылға 4 594 500 теңге бюджеттік кредит беріледі. Бюджеттік кредит 15 жылға жылдық 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен беріледі.
Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін қала әкімдігі қалалық мәслихаттың депутаттарынан, қаланың атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын, тұрақты комиссия мүшелері құрылған. Комиссияның жұмыс органы – «Қапшағай қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит қаржы жылына бөлінген қаражаттар көлемінде беріледі.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман әкімшіге әрі қарай(Экономика және қаржы бөліміне) төмендегі құжаттарды ұсынады:
2) тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит алған кезде:
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы, еңбек қызметі бойынша мәліметтерді, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады;
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.
Толығырақ мәліметті Қапшағай қаласының сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kapshagay/documents/details/adilet/V1400009946?lang=ru алуға болады.