Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 51-1, 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
- Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
|
Председатель
|
Н. Абдиров
|
|
Секретарь
|
М. Ерман
|
Астана қаласы,
2022 жылғы 22 қыркүйек
№ 65/538