2022 жылғы 10 наурызда Қонаев қаласы әкімінің
Шеңгелді ауылдық округінің Қосқұдық ауылындағы тұрғындарымен кездесу өткізу кезінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ақпарат
Жолдарды тегістеу мәселесі. Қосқұдық ауылының 4 (Түрксіб, Абай, Бейбітшілік, Ескелді би) көшелеріне орташа тегістеу жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті қауымдастық кеңесінің құрамына ауыл жастарын қосу. Жергілікті қауымдастық кеңесінің құрамына Қосқұдық ауылының жастары қосылған: Ултараков Нурлан Серикулы, Асанов Берик Серикович.
Алматы-Өскемен автожолының Қосқұдық ауылына бұрылатын жолында жаяу жүргіншілер өтетін арнайы өткел салу мәселесі. Облыстық полиция департаментіне жаяу жүргіншілер жолын ашу бойынша Шеңгелді ауылдық округ әкімімен ағымдағы жылдың 22 шілдесінде № 88-31-22/173-И хат жолданды.
Ауылдағы қоқыстарды тазалау мәселесі. А.ж. 19 наурызында ауыл ішіндегі өзекті болып тұрған қоқыстар тазаланды. Сонымен қатар, қоғамдық ақылы жұмысшылар арқылы күнделікті көше жолдарын қоқыстардан тазалау жұмыстарын атқаруда.
Қосқұдық ауылындағы қазылған карьерлерді қалпына келтіру туралы. «Қонаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-і аталған учаскелерге барып, тексеру актісі жасалынды.
Ауылда ағаш көшеттерін отырғызу. Ағымдағы жылдың қараша айында мектеп, мешіт және ауыз су сорғы станциясы мекемелерінің аумақтарында ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.
Ауылдағы жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу. Қосқұдық ауылының 4 (Түрксіб, Абай, Бейбітшілік, Ескелді би) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.
Қоғамдық жайылымды ұйымдастыру үшін жер учаскесін бөлу. Бүгінгі таңда жалпы алаңы 1700 гектар қоғамдық жайылым қоры құрылды.
Ауылда абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Қосқұдық ауылында биылғы жылы воркаут алаңы және шағын футбол алаңын орнатылды.
Су мәселесінің толықтай шешілуін қамтамасыз ету. Бүгінгі күні елді мекенде ауыз су тапшылығы жоқ, су қысымы бірқалыпты.
Ауылда клуб салу мәселесін қарастыру. Ауылда клубтың жаңа ғимаратын салу қажет. Бюджеттен қаражат бөлінуін қажет етеді.
Фельдшерлік медициналық пунктін салу. Қазіргі таңда модульді фельдшерлік медициналық пунктінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
2022 жылғы 29 наурызда Қонаев қаласы әкімінің
Заречный ауылдық округінің Арна ауылындағы тұрғындарымен кездесу өткізу кезінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ақпарат
Арна ауылына кіреберіс 5 км. жолын жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша : Арна ауылының кіберебіс автокөлік жолы облыстық маңызы бар жол болып табылады. Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасының тапсырысымен «РСУ -1» ЖШС аталған жолға шұңқырларға жамау жұмыстары жүргізіліп, II тоқсанында аяқталды.
Қоғамдық жайылымды ұйымдастыру үшін жер учаскесін бөлу бойынша: «Қонаев қаласы ауылшарушылық және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі мен бірге жайылымды жер үшін жер алқабын бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қоқыс жәшіктердің орындары және қосымша жәшіктер қою мәселесі бойынша: Осы мәселе бойынша Арна ауылының халқымен жиналыс өткізіп, жиналған тұрғындардын ортақ шешімімен қоқыс жинайтын мекеме қоқысты әр үйдің есік алдынан алатын болып қоқысқа арналған қоршауды алып тастауы шешілді.
Мешіт жанындағы хатымхананың жер телімінің құжаттарын рәсімдеу бойынша: Арна ауылының мешіт хатымханасының жері рәсімделіп, мемлекеттік акт әзірленді.
Ауылдағы егін егу жерлерін суару мәселесін қарастыру бойынша: Жобалау іздестіру жұмыстарының қорытындысы дұрыс емес әзірленгендіктен кәзіргі танда Арна ауылының егін егу жерлерін суару мәселесі бойынша қайта жобалау іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ауылдағы электр желілерін жаңарту жұмыстарын жүргізу бойынша: Қазіргі уақытта Қонаев қаласының экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінім жасалып өткізілді, қаражаттын бөлінуіне байланысты жұмыстар жүргізіледі.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қаржы мәселесі бойынша: «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің мәліметіне сәйкес Заречный ауылдық округі бойынша 4 адам өтініш тапсырып оның ішінде 1 азаматша (Мусабаева Дана) Арна ауылынаң баспаналы болды, аталған қаржыландыру әлі де жалғасуда.
Новая көшесіне газ желісін жүргізу бойынша: «Қапшағай аймағының газ жүйелері» ЖШС шектеулі инвестициясын ескере отырып, газ тартуы желілерінің құрылысын 2023 жылдың желтоқсанында аяқталады
Ауылда аббатандыру жұмыстарын жүргізу бойынша: Қазіргі уақытта Арна ауылының 2 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде және 6 көше проблемалық сұрақтарға жазылып сұраныс берілді.
2022 жылғы 7 сәуірде Қонаева қаласы әкімінің Шеңгелді ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылындағы тұрғындарымен кездесу өткізу кезінде айтылған ұсынастарды жүзеге асыру бойынша ақпарат
Ауылдағы ішкі көшелердің жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу: Сарыбұлақ ауылының Талғар көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Келісімшартқа сәйкес жұмыстар қазан айында орындалуы тиіс.
Егістік алқаптарын суару үшін екінші құбырға жөндеу жұмыстарын жүргізу. Қала бюджеті тарапынан жөндеу жұмыстары толығымен жасалынып, бүгінгі күні егістікке суармалы су екінші құбырмен беріліп жатыр.
Ауыз су сапасын тексеру туралы. Сарыбұлақ ауылындағы ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді. Шілде айының ортасында ауыл сыртынан ауыз су құбырын тазалап-төгетін құдық орнатылып, таза су резервуармен ауылдың ішкі ауыз су желісі тазаланды.
Мешіт ғимаратының құжаттарын рәсімдеу туралы. «Алматы облысының сәулет басқармасы» ММ-не Сарыбұлақ ауылында мешіт ғимаратын салу үшін жер учаскесін бөлу туралы өтініш қайта берілді, алайда жоғарыда аталған мемлекеттік мекеме Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасынан (ҚМДБ) қосымша негіздеме (анықтама) сұралды. Осы мәселе бойынша Қонаев қаласыныңның бас имамы ҚМДБ-ның Алматы облысындағы өкілдігіне тиісті хат жолданып, құжаттар қаралуда.
Ауылдағы электр желісінің жұмысы бойынша. 2022 жылдың 22 тамыз № 47-103 «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ы Іле ЭТА бас инженерінің хаты бойынша Сарыбұлақ ауылындағы электр желілеріне Шеңгелді шеберлік желі учаскесінің бригадасы қызмет етеді. Шеңгелді, Сарыбұлақ ауылындағы «АЖК» АҚ штаттық кестесіне сәйкес қосымша тарату алаңын орналастыру жоспарланбаған.
Воркаут алаңын орнату бойынша. «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не Сарыбұлақ ауылына воркаут алаңын орнатуға қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім тапсырылды, қаражаттың бөлінуіне байланысты жұмыстар жүргізіледі.
Балалар футбол алаңын орнату жөнінде. Сарыбұлақ ауылына шағын футбол алаңын орнату жұмыстары басталды. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
2022 жылғы 21 шілдеде Қонаев қаласы әкімінің Шеңгелді ауылдық округі Ақөзек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізу кезінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ақпарат
Тұрғын үйлердің санын анықтап, көшелерге талдау жүргізу: Ағымдағы жылдың 5-8 тамызында округ әкімі аппаратының мамандары аулаларды аралап шықты. Ақөзек ауылындағы пәтерлердің жалпы саны 108-ді құрады.
Ауылдағы жер учаскелеріне талдау жүргізу: Барлығы 108 пәтердің ішінде 25 пәтердің жер учаскелері рәсімделген, оның ішінде: жеке меншік – 13 нысан, «Агроном 2018» ЖШС-де – 12. Қалған 83 пәтер «Алматы асыл тұқымды мал зауыты» АШӨК – тің теңгерімінде, бұл ретте, құрылыстар орналасқан жер учаскелері және құрылыс нысандары белгіленген тәртіппен рәсімделмеген.
Тұрғын үйлер мен жер учаскелерінің құжаттарын заңдастыру: Пәтерлер орналасқан жер учаскелерін ұзақ уақыт тұратын азаматтардың атына рәсімдеу үшін «Алматы асыл тұқымды мал зауыты» АШӨК – ке хат жолданды.
Ауылдағы жолдарды жөндеу мәселесі туралы: Шеңгелді ауылдық округінің көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаражаттан үнемделген қаржы есебінен Ақөзек ауылының Бөгенбай көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Көше жарықтандыру мәселесі туралы. Қала бюджетінен қаржы бөлінген жағдайда, ұзындығы 1160 метрді құрайтын Ақөзек ауылының Төле би көшесіне көше жарықтандыру желісін тарту жоспарланған.
Жайылымдық жер мәселесін қарастыру. Шеңгелді ауылдық округі бойынша жайылым жер қоры 3900 гектарды құрайды. Осы бағытта жайылым жерлердің көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасын табатын болады.
Ауылды интернетпен қамтамасыз ету мәселесі туралы. 29 шілде күні «Теле2» компаниясына Ақөзек ауылына алтел немесе теле2 мобильді желісін тарататын станция орнату туралы хат жолданды. Бүгінгі күні мәселе шешімін тапқан жоқ. Елді мекенде желісіз радиокөпір станциясын орнату туралы жұмыстар жүргізілуде.
Ақөзек ауылының дамуының кешенді бағдарламасын жасау. «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-мен бірлесе кешенді даму бағдарламасы әзірленіп жатыр.
№ 10 орта мектебінде балаларға спорттық секциялар ашу. № 10 мектебінде оқушыларға арналған үстел теннис үйірмесі ашылған.
Воркаут алаңын орналастыру туралы. «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не Ақөзек ауылына воркаут алаңын орнатуға қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім тапсырылды, қаражаттың бөлінуіне байланысты жұмыстар жүргізіледі.