Қонаев қаласы әкімінің халықпен кездесуінде айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы мәлімет

2022 жылғы 21 сәуірде Қонаев қаласы әкімінің 1, 2, Ивушка ш/а және Қойшыманов көшесі тұрғындарымен кездесу өткізу кезінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша:

20 шағын ауданындағы жолдар жөндеу туралы: Мемлекеттік сатып алу порталында лесозаводская 2,3 көшелерінде жолдарға ағымдағы жөндеу жқмыстарын жүргізуге хабарландыру берілді. Қазіргі таңда конкурс нәтижесі бойынша мердігер ұйымы болып «Жетысу Роудс Инжиниринг» ЖШС-гі болып анықталды. Жұмыстар аяқталды.

2 шағынауданындағы ағаштарды санитарлық кесу туралы: «Тұрғын үй» ЖШС-не 2 шағын ауданындағы құраған ағаштарды санитарлық кесуге хат жолданды. Орындау барысы бақылауда.

Энергетическая көшесіне қоқыс жәшіктер қою туралы: «Қапшағай АТО» ЖШС-мен қосымша 1 тұрмыстық қалдықтарға арналған қоқыс жәшігін орнатты.

Ы. Алтынсарин атындағы мектептің жанындағы 2 апатты үйлерді бұзу туралы: Қонаев қаласында реновация бағдарламасы аясында Ы. Алтынсарин мектебі жанындағы апатты үйлер Октябрьская 2а, 2б, 2в, 2г кезек реті бойынша18-21 арасында. Бюджет қаражаты бөлу аясында апатты үйлерде тұратын тұрғындарды көшу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

20 ықшам ауданында жол жарық мәселесі туралы: Қонаев қаласы 20 ықшам ауданында 2021 жылы жарық шамдары ЛЭД шамдарына ауыстыру жұмыстары «Жетысу жол құрылысы» ЖШС-мен жүргізілді, алайда кепілдік міндеттемелеріне сәйкес қайта ауыстыру жұмыстарын 15 қыркүйек айына дейін жасалады.

Энергетическая көшесіндегі жарықты жөндеу туралы: 2022 жылға Қонаев қаласындағы көше жарықтарын күтіп ұстау жұмыстары бойынша «СК Альянс Центр» ЖШС-мен келісім шарт жасалған, энергетическая көшесін жарығын тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді.

18 ықшам ауданы №5,6,8 үйлердің алаңын абаттандыру жұмыстары туралы: Қонаев қаласында «Аулаларды абаттандыру 2-ші кезең» жұмыс жобасы іске асырылуда. Жоба жоспарына сәйкес 18 ықшам ауданының аулаларын абаттандыру 2023 жылға қарастырылған.

Шошкалы сай каналын қоқыстан тазарту туралы: Қонаев қаласының санитарлық тазалау жұмыстарына сәйкес Шошкалы сай каналында жоспар кестесіне сәйкес жұмыстар атқарылуда. 

26 мамырда қалалық бағбандық серіктестіктері тұрғындарымен кездесу өткізу кезінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша:

Энергетик бағбандық серіктестігінің электр жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу: Энергетик бағбандық серіктестігінің электр жүйелерін жөндеуге техникалық құжаттама дайындалып, сараптамының қарауында. Сараптаманың шешімі шыққаннан кейін құрылыс монтаждау жұмыстарына қаражат сұралады.

Алтын-Алма, Строитель бағбандық серіктестіктерінің жолдарын жөндеу: Алтын-Алма бағбандық серіктестігінің 4 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына техникалық құжаттама дайындалуда. Техникалық құжаттама дайындалғаннан кейін құрылыс монтаждау жұмыстарына қаражат сұралады. Строитель бағбандық серіктестігінің көшелеріне жөндеу жұмыстарын жасауға жер кадастр бөліміне жолдардың жерлерін белгілеу бойынша хат жолданды.

Строитель бағбандық серіктестігінің ауыз су тарифі бойынша: ауыз суын пайдалану тарифі бағбандық серіктестік басшылығымен қойылады.

Бағбандық серіктестіктерін сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша: «Алтын Алма» бағбандық серіктестікті сумен қамтамасыз ету мақсатында ПИР есептемелері дайындалды, жоба-сметалық құжаттама даярлау мақсатында  35 млн. тенге шамамен қаражат сұрастырылуда.

Алтын-Алма, Строитель бағбандық серіктестіктерінің көше жарықтандыру мәселесі туралы: бағбандық серіктестікті көше жарықтандыруымен қамтамасыз ету мақсатында сметалық құжаттама даярлануда. Сметалық құжаттамасы әзірленген соң, арнайы бюджеттік өтінім жолданады.

Балалар ойын алаңының құрылысы бойынша: Бағбандық серіктестіктің аумағында балалар ойын аландарын орналастыру халықтық бюджеттік қатысу арқылы жасалатындығын қарастырылған. Бүгінгі күні строитель бағбандық серіктестігінде ойын алаңы бойынша «J.I.T Group Construction»  ЖШС-мен келісім жасалып, құрылыс жұмыстары басталуда.

2022 жылғы 22 маусымда Қонаев қаласы әкімінің 18, 19, 20, Спутник және Рауан ш/а тұрғындарымен кездесу өткізу кезінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша: 

Советская және Илийская көшелерінің арасындағы балалар алаңының жанындағы трансформаторды қоршау туралы: Қонаев қаласы Илийская және советская көшелерінің арасындағы трансформаторлық станция қоршалды.

Советская, Косманавтов, Сейфуллина көшелеріне жарықтандыру туралы: Жарықтандыру шамдарын жөндеу, шамдарын ауыстыру жұмыстары атқарылды, жыл соңына дейін жауапты мердігер мекеменің бақылауында.

Масалар мен жәндіктерді өңдеу және дезинсекция жұмыстарын жүргізу туралы: Зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары КСК төрағаларымен көпқабатты үйдің жертөлелелрінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар Зара гранд ЖШС екі рет зиянкестерді улау жұмыстары жүргізілді. Қосымша 10 млн теңгеге конкурс жарияланып, мердігер мекмеменің анықталуынан кейін тағы улау жүргізіледі

19,20 шағынаудандарындағы электр жүйелерінің іркілістерін жою бойынша: 19,20 шағын аудандарда электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Жөндеу жұмыстары кезінде сымдарды ауыстыру, трансформаторды қосымша орнату, тағы бір трансформатордың қуаттылығын көбейту қарастырылған. Аяқталу мерзімі тамыз айының соңы.

20 шағынауданында бейнебақылау орнату туралы: Бейнебақылау орнатуға қаражат қарастырылмаған.

Шағынаудандарда абаттандыру жұмыстарын жүргізу туралы (20 шағынауданында шөпті шабу): Центральная көшесінде арықтар тазаланып, құмы шығарылып, шөптері шабылды. Қосымша балалар ойын алаңы салынды.

Центральная, Сейфуллина, Инюшина көшелерінде жол белгілерін, жаяу жүргіншілерді, жасанды тежегіштері, светофорлар орнату туралы: 19 шағынаудан, Центральная және Веселая көшелерінің қиылысында жасанды жол кедергілері орнатылды, 4 дана 1.16.1 «жасанды жол кедергісі» жол белгілері орнатылды. Сейфуллин көшесінің жол көлік оқиғасы жиі орын алатын 3 участогыне жасанды жол кедергілерін орнату бойынша тапсырма берілді. Орнату мерзімі 01 қыркүйекке дейін.

19,20 шағынаудандарына газ жүйесін жүргізу туралы: Газ тарту үшін ЖСҚ әзірлеу үшін ПИР дайындалып облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қаражаттың бөлінуіне қарай ЖСҚ әзірленетін болады.

Центральная  көшесінің жарықтандыру таймерін қайта орнату туралы: Таймер таңғы 4 сағатына дейін ауыстырылды

Қалалық саябақта биодәретхана орнату туралы: Қалалық саябақта орталық дәретхана жұмыс істеп тұр. Қызмет етуші жеке кәсіпкермен мәселе шешілген, ақысы 50 теңге.

Сейфуллина 1/3 көшесінде канализациялық люк орнату туралы: 1 канализацияға бетоннан дайындалған домалақ қақпақ жабылды, екінші люк жеке кәсіпкер көлік жуу ныаснына тиесілі болғандықтан жеке кәсіпкерге нұсқама берілді.

Космонавтов, Октябрьская көшелеріндегі апатты ағаштарды кесу бойынша: Аппатты ағаштарды кесу бойынша жұмыстар Қонаев, Алматинская, Жамыбыл, Сейфуллин, Қойшыманов, Три аллеи көшелерінде ауқымды жүргізіліп бөлінген қаражат толық игерілді. Қосымша қаражат бөлініп тендер ұйымдастыру арқылы қосымша көшелер қамтылу назарда.  

2022 жылғы 23 маусымда Қонаев қаласы әкімінің 3,4,5,8,10, Восточный, Гүлдер, 12, 12А, 12Б, Арна, Қарлығаш, Асем-тас ш/а тұрғындарымен кездесу өткізу кезінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша:

8,10 шағынаудандарындағы трансформаторларды қоршау туралы: 8-10 ықшам ауданында жалпы коммуналдық меншікте 7 трансформаторлық станциялар орналасқан, бүгінгі күні оны қоршау жұмыстарына жұмсалатын материалдарды есептеу жұмыстары жүргізіліп, әрі қарай бюджет есебінен қарасытру үшін сметалық құжаттамасы әзірленуде.

8, 10 шағынаудандарына баратын жолдарын жасау туралы: Қазіргі таңда Қонаев қаласының ТҮКШ ЖК АЖ және ТҮИ бөлімі ММ-мен жер учаскесіне арналған мемлекеттік актісі дайындалып ЖСҚ түзету жұмыстары жүргізілуде.

8, 10 шағынаудандарында автобустық аялдамаларын орнату туралы: 8-10 ықшамданында автобустық аялдамаларын орнату туралы ТҮКШ ЖК АЖ және ТҮИ бөлімі ММ-н Қонаев қаласы экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінім жолданатын болады.

Жасыл желектерін отырғызу туралы: 2022 жылдың 8 сәуірде № 37 "ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ" ОО "ОНИ" корпоративтік қорымен мемлекеттік сатып алу порталында келесім шарт жасалды. 2022 жылдың наурыз айында аталған қорымен  1-кезекте 1500 түб ағаш отырғызылды. Жасыл желектерді отырғызу жұмыстарының 2-кезегі 2022 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.

4 шағынаудандарының 30,38,39,23,24 үйлерінің аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізу туралы: Қазіргі таңда аталған үйлердін абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

4 шағынаудандарының 48,53 үйлерінің аулаларындағы кіреберіс жолдарын кеңейту туралы: 4 шағынауданының № 48 және № 53 үйлердің аулаларындағы кіреберіс жолдарын кеңейту бойынша қарастырып, жобаға өзгерістер енгізу мүмкіндігі қарастырылады.

3 шағынауданындағы 26, 27 үйлерінің және 4 шағынауданындағы 21, 23, 24, 25  үйлерінің аулаларына қосымша қоқыс жәшіктерін орнату туралы: Эко Сервис Алматы ЖШС №№ 1-5, 8-10, Восточный, Гүлдер, №№ 12,12А,12Б, Арна, Карлыгаш,  аудандарда қоқысты уақытында шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар 3 ықшамауданындағы № 26,27 жаңартылған қоқыс жәшіктері орнатылған және 4 ықшамауданындағы 21,23,24,25 үйлерінің аулаларына абаттандыру жұмыстары аяқталған соң жаңартылған қоқыс жәшіктері қойылатындығын жеткіземіз.

Қалада кәріз тазалау құбыры құрылысының қажеттілігі туралы: Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесі бар. Қалалық кәріз желісі мен коллекторлардың жалпы ұзындығы 156,218 км құрайды. Қазіргі таңда қала бойынша 11 кәріздік насос станцияларын қайта жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. ЖСҚ әзірленіп мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алған соң, 2023 жылға құрылыс монтаждау жұмыстарына бюджеттік өтінім беріледі.

10 шағынауданы көшелерінің  жарықтандыруы  туралы: 8-10 ықшамаудандарында көшелерді күрделі жөндеу жұмыстары жасалатындығын және осы жобаға сәйкес көшелердің жарықтандыру жұмыстары жүргізілетінін жеткіземіз.

Қаладағы 2, 4, 7 автобустар маршруттарының жүруін қайта қарастыру туралы: Қазіргі таңда электронды төлем жүйесі нормативтік құқықтік актісін бекіту жұмыстары іске асырылуда. Аталған жоба Әділет министрлігінде тіркелгеннен соң судсидияға қаражат қарастырылған соң, барлық бағыт бойынша маршрут жолдары қалпына келтіріледі.

Қарлығаш, Асем-тас шағынаудандарында абаттандару жұмыстарын жүргізу туралы (ауыз су, жолдар, балалар ойын алаңдары, кәріз құбырлары): Мемлекеттік сатып алу порталында Қарлығаш шағын ауданының сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау жобасы аяқталып, Мемлекеттік сатып алу басқармасына конкурс жолданды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 8 қыркүйек айына дейін. Сонымен қатар, Қарлығаш ықшам ауданында, халықтың бюдетке қатысу жобасы аясында ойын алаңы орнатылды.

Қала әкімінің тұрғындармен кездесулері кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстары мен ескертпелерін жүзеге асыру  жұмыстары жалғасуда.

Қонаев қаласы әкімінің халықпен кездесуінде айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы мәлімет
Дата публикации
26 сентября 2022