ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 24 шілдеде Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Қонаев қаласының аумақтық  сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округі   әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5780 азамат енгізілді, олардың 3473-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 40, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған – 63.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Азанбаев Мадияр Дүйсенбекұлы – 1574;

Жазиев Мақсат Өмірғалиұлы – 1796.

Шеңгелді ауылдық округінің әкімі болып 1975 жылы туған, Шеңгелді ауылында тұратын, «Көксу» ЖШС гидротехнигі Жазиев Мақсат Өмірғалиұлы сайланды.

Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 24 шілдедегі шешімімен сайланған Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округі әкімін тіркеді.

Қонаев қаласының аумақтық  сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
27 июля 2022