Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  113-1 бабына сәйкес, Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.   Қонаев қаласы  Шеңгелді ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылдың   24 шілдесіне тағайындалсын.
  2. 2022 жылғы 24 шілдеге тағайындалған Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы интернет пен қалалық «Нұрлы өлке» газетінде жариялансын.

Сайлау комиссиясының төрайымы                              М.Айтова                     

Сайлау комиссиясының хатшысы                                  Г.Айтимбетова

Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
24 июня 2022