|
|
Қапшағай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "___" ________ №_____ қаулысымен бекітілген қосымша |
"Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Егер "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
16.Функциялары:
1) "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, әкімдік отырыстарын, кеңестерін және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;
2) жұмысты талдау, ақпаратты жинауды жүзеге асыру және қала әкімін атқарушы органдар мен лауазымдық тұлғалардың ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету;
3) "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлімдеріндегі, ауылдық округ әкімі аппаратындағы атқарушылық тәртіп жағдайын талдау бойынша қала әкіміне хабарлау;
4) қала әкімі шешімдерінің және өкімдерінің, қала әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау;
5) әкімнің шешімдеріне, өкімдеріне, әкімдіктің қаулыларына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оларды жою туралы ұсыныстар енгізу;
6) "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру;
7) тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
8) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
9) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу;
10) мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
11) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлеу;
12) мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру;
13) қала әкіміне бағынысты жергілікті басқару органдарының мемлекеттік қызметі мен кадр саясатының жағдайын талдау;
14) "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату кезінде материалдарын рәсімдеу, олардың жеке істерін жүргізу;
15) қала әкімінің және әкімдігінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс жүргізуді ұйымдастыру;
16) әкім және әкімдік шығарған актілерді тіркеуді жүргізу, нөмірлерді беру;
17) азаматтардың хал актілерін тіркеу бойынша шараларды қамтамасыз ету;
18) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастыру;
19) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты жүргізу;
20) қала әкіміне бағынышты мемлекеттік органдардың өзара әрекет етуін және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
21) атқарушы органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
22) консультативтік-кеңесші органдарды құру бойынша шаралар қабылдау;
23) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) әкімнің, әкімдіктің, "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
2) әкімнің, әкімдіктің және "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа орталық атқарушы органдардың, облыс, қала әкімдері және әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын орындау;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
5) қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
2) "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауға жеке жауап береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді;
3) азаматтардың қабылдауын жүргізеді;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) заңнамада белгіленген тәртіпте ынталандыру және тәртіптік жаза қолдану бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
"Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Аппарат басшысы Ғ.Әбдішүкірұлы
"Қапшағай қаласы
әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің, Жарлығына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
|
С.Кикимов |
|
|
|