«Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Қапшағай қаласы әкімдігінің

                                                                        2021 жылғы  15 желтоқсанды

                                                                        №  955

                                                                        қаулысымен бекітілген қосымша

 

 

 

«Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық

 шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль

 жолдары  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Заңнамада көзделген құзыреті шегінде «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қапшағай қаласының, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, елді мекендерінің инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру, жолаушылар көлігі, байланыс және жалпы  пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
22 апреля 2022