Meeting of the City Akimat № 12 protocol

 

Meeting of the City Akimat

№ 12

protocol

 

 

Қапшағай қ-сы                                                                     2021 жылғы   29 желтоқсан

                                                          

Төрағалық етуші:                          Н.О. Құматаев – қала әкімі

 

Қатысқандар:                                 әкімдік мүшелері:  

                                                          М. Жолдахмет, Б. Дүйсенбаев,

                                                          Б. Балгабаев

                                                          

                                                          А.Т.Сатыбалдиева, Ж.Е. Ахметжан,                    

                                                          әкімдіктің бөлім басшылары,

                                                          ауылдық округтердің әкімдері

                                                          (тізім қоса беріледі)

 

                                        КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:

 

  1. Қапшағай қаласы әкімі мен ауылдық округтердегі әкімдерінің тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізу кезінде айтылған азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

 

 

Қапшағай қаласы әкімі мен ауылдық округтердегі әкімдерінің тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізу кезінде айтылған азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

 

  1. 2021 жылғы қаңтар және ақпан айларында қала әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің Қапшағай қаласы, Шеңгелді және Заречный ауылдық округтері тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы қала әкімі аппаратының басшысы Е. Серікболұлының ақпараты назарға алынсын.            
  2. Қала әкімінің орынбасары М.Х.Жолдахмет, «Қапшағай қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясыбөлімі» ММ басшысы Ш.С.Қожабергенова,қала әкімінің есеп беру кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шараның № 3, 7 тармақтарын 2022 жылы толық орындалуына барлық қажетті шараларды қабылдасын.

3.Қала әкімінің орынбасары М.Х.Жолдахмет, «Қапшағай қаласының жолаушы көлігі және автомобильді жолдар бөлімі» ММ басшысы М.Б.Уринбасаров,қала әкімінің есеп беру кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шараның № 4, 5, 6 тармақтарын 2022 жылы толық орындалуына барлық қажетті шараларды қабылдасын.

4.Қала әкімінің орынбасары М.Х.Жолдахмет, «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д.С.Катубаев 2022 жылғы 01 наурызға дейінгі мерзімде қала әкімінің есеп беру кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шараның № 9 тармағының орындалуына барлық қажетті шараларды қабылдасын.

4.1.Қала әкімінің орынбасары М.Х.Жолдахмет, «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д.С.Катубаев, қала әкімінің есеп беру кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шараның № 10 тармағының орындалуы бойынша бюджеттік өтінімді дайындап, облыстың құрылыс басқармасына ағымдағы жылдың соңына дейін қайта жолдасын.

  1. Шеңгелді ауылдық округінің әкімі С.Ж.Шеңкебаев, 2022 жылғы 01 наурызға дейінгі мерзімде Шеңгелді ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шараның № 2 тармағының2022 жылдың 1 жартыжылдығында толық орындалуына барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Заречное ауылдық округінің әкімі Қ.Ж.Умаров,дейінгі мерзімде Заречный ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шараның № 4 тармағын 2022 жылы толық орындалуына барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Жоспарларда көрсетілген ұсыныстар бойынша жауапты бөлім басшылары, іс-шаралардың орындалу барысы жөніндегі ақпаратты2022 жылдың 01 шілдесіне дейін қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліміне тапсырсын.
  4. Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ә.М. Анықбаева іс-шаралардың орындалу барысын, қала және ауылдық округтер тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары және қала әкімінің веб-сайты арқылы тоқсан сайын хабардар етсін
  5. Осы хаттаманың орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е. Серікболұлына жүктелсін.

 

Meeting of the City Akimat № 12 protocol
Дата публикации
20 апреля 2022