Қала әкімдігі мәжілісінің
№ 11
хаттамасы
Қапшағай қ-сы 2021 жылғы 30 қараша
Төрағалық етуші: Н.О. Құматаев – қала әкімі
Қатысқандар: әкімдік мүшелері:
М. Жолдахмет, Б. Дүйсенбаев,
Б. Балгабаев
А.Т.Сатыбалдиева, Ж.Е. Ахметжан,
әкімдіктің бөлім басшылары,
ауылдық округтердің әкімдері
(тізім қоса беріледі)
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
2.1. Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыру және барлық қажетті шараларды қабылдау;
2.2. Іс-шаралар жоспарына сәйкес электрондық мемлекеттік қызметтерді көпшілікке тарату бойынша халық арасында сапалы іс-шаралар өткізу бойынша жұмысты жалғастыру, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөліміне ақпаратты уақтылы ұсыну;
2.3. Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуін бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларына, ауылдық округ әкімдеріне және мемлекеттік мекемелердің басшыларына жүктелсін;
2.4. Ауылдық округтердің әкімдері және мемлекеттік мекемелердің басшылары 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының жағдайы және электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді кеңейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар тапсырсын.
(Б.Балғабаев, Р, Жамағатов)
2.1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасында көзделген жылдық көрсеткіштердің сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету;
2.2) өңірдің шаруа қожалықтарында өндірілген көкөніс өнімдерін сатуға жәрдемдесу;
2.3) 2021 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде АӨК - ні субсидиялау жөніндегі 2021 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарына өтінім беру компаниясын аяқтасын;
2.4) ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп мал қыстауын дайындау мен өткізуді бақылауға алсын;
2.5) 2022 жылғы 20 ақпанға дейінгі мерзімде Шеңгелді ауылында барлық шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен аграрийлердің ғалымдарын шақыра отырып агрооқу жүргізу;
2.6) 2022 жылы көктемгі егіс жұмыстарын дайындау және жүргізу жөнінде шаралар қабылдасын, іс-шаралардың жұмыс жоспарын жасасын.
Қала әкімі Н.О. Құматаев