Заседание акимата города № 11 протокол

 

Meeting of the City Akimat

№ 11

protocol

 

Қапшағай қ-сы                                                                     2021 жылғы   30  қараша

                                                          

Төрағалық етуші:                          Н.О. Құматаев – қала әкімі

 

Қатысқандар:                                 әкімдік мүшелері:  

                                                          М. Жолдахмет, Б. Дүйсенбаев,

                                                          Б. Балгабаев

                                                          

                                                          А.Т.Сатыбалдиева, Ж.Е. Ахметжан,                    

                                                          әкімдіктің бөлім басшылары,

                                                          ауылдық округтердің әкімдері

                                                          (тізім қоса беріледі)

 

                                        КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:

 

  1. Қапшағай қаласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және 2021 жылғы  9 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде
  2. Қапшағай өңірінің ауыл шаруашылығы құрылымдарының 2021 жылғы егін жинау науқанын өткізудің және күзгі далалық  жұмыстар жүргізудің қортындылары туралы

 

 

  1. Қапшағай қаласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және 2021 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде

 

  1. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының жағдайы және электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді кеңейту жөнінде қолданылған шаралар туралы қала әкімі аппаратының басшысы Е.Серікболұлының ақпараты назарға алынсын.
  2. Қала әкімінің орынбасарларына, ауылдық округтердің әкімдеріне, бөлімдер мен қалалық қызмет көрсету мекемелерінің басшыларына:

         2.1. Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыру және барлық қажетті шараларды қабылдау;

         2.2. Іс-шаралар жоспарына сәйкес электрондық мемлекеттік қызметтерді көпшілікке тарату бойынша халық арасында сапалы іс-шаралар өткізу бойынша жұмысты жалғастыру, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөліміне ақпаратты уақтылы ұсыну;

         2.3. Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуін бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларына, ауылдық округ әкімдеріне және мемлекеттік мекемелердің басшыларына жүктелсін;

         2.4. Ауылдық округтердің әкімдері және мемлекеттік мекемелердің басшылары 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының жағдайы және электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді кеңейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар тапсырсын.

  1. Осы хаттаманың орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.Серікболұлына жүктелсін.

 

  1. Қапшағай өңірінің ауыл шаруашылығы құрылымдарының егін жинау науқанын өткізудің және күзгі далалық жұмыстар жүргізудің 2021 жылғы қортындылары туралы

 (Б.Балғабаев, Р, Жамағатов)

 

  1. Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Б. Балғабаевтың анықтамасы назарға алынсын.
  2. Қапшағай қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесі (Р. Жамағатов):

2.1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасында көзделген жылдық көрсеткіштердің сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету;

2.2) өңірдің шаруа қожалықтарында өндірілген көкөніс өнімдерін сатуға жәрдемдесу;

2.3)  2021 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде АӨК - ні субсидиялау жөніндегі 2021 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарына өтінім беру компаниясын аяқтасын;

2.4) ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп мал қыстауын дайындау мен өткізуді бақылауға алсын;

2.5) 2022 жылғы 20 ақпанға дейінгі мерзімде Шеңгелді ауылында барлық шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен аграрийлердің ғалымдарын шақыра отырып агрооқу жүргізу;

2.6) 2022 жылы көктемгі егіс жұмыстарын дайындау және жүргізу жөнінде шаралар қабылдасын, іс-шаралардың жұмыс жоспарын жасасын.

  1. Шеңгелді, Заречный ауылдық округтерінің әкімдері 2021 жылғы 28 желтоқсанға дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер алқаптарының электрондық картасына енгізуді аяқтасын.
  2. Қапшағай аймағы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру тұжырымдамасымен бекітілген қала әкімінің орынбасары (Б. Балғабаев) мен «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Р. Жамағатов), Шеңгелді, Заречный ауылдық округтерінің әкімдері 2020 жылдың барлық көрсеткіштерін іске асырсын.
  3. Осы хаттаманың орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Балғабаевқа жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                              Н.О. Құматаев

Meeting of the City Akimat № 11 protocol
Дата публикации
20 апреля 2022