1.1. «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–Мемлекеттік мекеме) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1.2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.3. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық түрінде Қапшағай қаласының әкімдігімен құрылған заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасымен бейнеленген мөрі, мемлекеттік және ресми тілдерінде өз атауы жазылған мөртаңбалары мен белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қапшағай қаласының қазынашылық органдарында шоттары болады.
1.4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарда өзінің атынан әрекет етеді.
1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарда мемлекеттің атынан әрекет ететін тарап болуға құқылы.
1.6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген белгіленген тәртіпте өзінің құзыреті шегінде басшысының бұйрықтарымен және басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
1.7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітіледі.
1.8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040800, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13.
1.9. Осы Ереже «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
1.10. Мемлекеттік мекеменің атауы:
Толық: «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Қысқаша: «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ.
1.11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
1.12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен өзінінің функциялары мен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, одан алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.