Талдау жазбасы
1-бағытҚала экономикасының өсуі
Өнеркәсіп өндірісі саласында 113954,8 млн.теңгенің өнімі өндірілдінақты көлем индексі 121,4%-ды құрадыӨңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 91371,4 млн. теңге, бұл 2020 жылдан 26923,8 млн. теңгеге артық, НКИ -127,7%. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі 80,2%. Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға тартылған инвестиция 6586,4 млн.тенге болдыНысаланы индикаторлар мен белгіленген іс-шаралар орындалды.
Агроөнеркәсіп кешенінде нысаланы индикаторлар мен белгіленген іс-шаралар орындалдыАғайындылар шаруа қожалығы сүт бағытындағы 200 бас қазақ ақбас тұқымды сиырын алды. Инвестиция көлемі 340,0 млн.теңгені құрады.
«Абенов» шаруа қожалығы ет бағытындағы 60 басқа арналған бордақылау алаңын іске қосты. 50 млн.теңге инвестиция тартылды. Мал шаруашылығын дамытуға 4 жобаға 14,1 млн.теңгеге шағын несие берілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында, саудада нысаланы индикаторлар мен белгіленген іс-шаралар орындалды.
Туризмді дамытуда 1 индикатор мен 1 іс-шара орындалды.
2-бағыт: Азаматтарға жайлы және қауіпсіз қала
Құрылыс саласында 2 нысаналы индикаторлар мен Қапшағай қаласының Заречный ауылында 20 пәтерлік жалгерлік үйдің және инженерлік жүйелерінің құрылысы, Қапшағай қаласында «Ивушка» шағын ауданы, Степная, 3 көшесінде 50 пәтерлік жалгерлік тұрғын үй мен инженерлік жүйелерінің құрылысы аяқталды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,257 млрд.теңге, НҚИ 124,4%-ды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі мемлекеттік (тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық жүйе салу) және коммерциялық ұйымдар мен мекемелер есебінен орындалды.
2021 жылы 33,269 мың шаршы метр тұрғын үй берілді, оның ішінде: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4,87 мың шаршы метр мемлекеттік инвестициялар есебінен, жеке меншік қаражаттары есебінен 28,402 мың шаршы метр, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 21,883 мың шаршы метр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 5 нысаналы индикатор, 6 іс-шара толығымен орындалды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Қапшағай қаласының Қонаев-Алматы көшесінің және Ду 200 мм (КССК дейін) құбыр айналмасына дейін қосымша тізбек, Алматинская көшесіне дейін бақылау резервуарларынан су құбырының екі тізбегін реконструкциялау» жобасы аяқталды. 3 жоба бойынша жылумен қамтуға жобалау сметалық құжаттары әзірленді.
Көлік инфрақұрылымы саласында жолдар мен көшелерді жөндеу бойынша жұмыстар жасалды. Ауылдық округтер көшелерін орташа жөндеуге техникалық құжаттар әзірленді. Бөлінген қаражаттар толығымен игерілді, белгіленген 1 нысаналы индикатор орындалды.
Құқық және азаматтық қорғаныс саласында белгіленген 3 нысаналы индикатор орындалды.
Қаланың және аймақтың тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасау және экожүйені сақтау үшін іс-шаралар орындалуда.
Ауылдық округтерде: «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы аясында Шенгелді ауылында 7,9 млн.теңгеге шағын футбол алаңын абаттандыру жұмыстары жасалды, Заречый ауылында 5,4 млн.теңгеге сквер абаттандырылды.
3-бағыт. Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігіне, жұмыссыздықты төмендетуге басты назар қойылды.
3498 жаңа жұмыс орыны, оның ішінде жоспарланған 3015-тің орнына тұрақты 2701 жұмыс орыны ашылды.
АӘК алушылардың еңбекке жарамды бөлігінің үлес салмағы жоспардағы 66,0%-дың орнына 68,8%-ды құрады. Қоғамдық жұмыстарға 698 адам, қайта даярлау курстарына 80 адам жіберілді, 78 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 39 адам жіберілді. Барлығы жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасына 55 адам жіберіліп, 42 адам жұмысқа орналастырылды. Бижнес идеяларды іске асыруға өз істерін ашуға аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектер мен 29 жасқа дейінгі жастар арасынан 65 адам 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеусіз мемлекеттік гранттар алды. Нысаналы индикаторлар мен іс-шаралар орындалды.
Білім беру саласында нысаналы индикаторлар мен іс-шаралар орындалды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқумен қамту деңгейі 99,8%-ды құрады (жоспар - 99,8%). Қалада 900 орындық мектеп құрылысы басталды. Мектептрге 69 компьютер, модификациялық кабинеттер (Сарыбұлақ ауылындағы №8 орта мектепке физика кабинеті, Кербұлақ ауылындағы №7, қаладағы №2, Арна ауылындағы №11 мектептерге биология кабинеттері, Шенгелді ауылындағы №6 мектепке СТЭМ кабинеті) алынды. Қ.Қайсенов атындағы №4 мектеп пен Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназияны сейсмокүшейту мен күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді.
Денсаулық сақтау саласында әйелдер мен балалар денсаулықтарын жақсарту, әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау тұрақты бақылауда. Белгіленген 3 нысаналы индикатордың 1-і орындалмады. Жалпы өлім көрсеткіші 11,0-ді немесе 824-ті құрады (2020 жылы – 9,0 немесе 660). Өлгендер санының өсуі COVID-19-бен байланысты пневмония, ми қан айналымының бұзылуы, тромбоэмболия, үлкендердің респираторлық ауыруларына байланысты болды.
212,5 млн.теңгеге медициналық құралдар алынды. 25,8 млн.теңгеге балалар емханасының ғимараты сатып алынды.
Қалалық аурухананың «Д» блогы, «В» блогының операциялық бөлімшесі, кір жуатын бөлімше ағымдағы жөндеуден өтті.
Спорт саласында жоспарланған 1 нысаналы индикатор орындалды.
Барлығы 26 нысаналы индикатор, оның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша 1 нысаналы индикатор орындалмады. Белгіленген 69 іс-шара толығымен орындалды. Жоспарланған іс-шаралардың нәтижелігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданады.
| Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы | А.Сатыбалдиева |
| Қапшағай қаласының әкімі | Н.Құматаев |