«Қапшағай қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

                                                                                Қапшағай қаласы әкімдігінің

                                                                                2021 жылғы «___» __________

                                                                                №___ қаулысына қосымша

 

 

«Қапшағай қаласының экономика және қаржы бөлімі» 

мемлекеттік мекемесі туралы

     ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қапшағай қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) қалада экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
  3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Бөлім Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құққықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қапшағай қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, № 13.
  11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Бөлімнің  қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. Осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1)  қаланы дамыту бағдарламасын әзірлеу;

2) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жыл сайынғы әзірлеу;

3) қаланың бюджетін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму  болжамын ескере отырып жоспарлы кезеңге әзірлеу;

4) бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру.

  1. Өкілеттіктері:

Құқықтары:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

          2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

          3) Бөлімнің құзыретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау.

Міндеттері:

         1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

         2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1) қаланы дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау;

2)қаланы дамыту бағдарламасын мониторингтеуді жүргізу;

3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын дайындау және нақтылау;

4) жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып болжау;

5) «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру туралы есеп дайындау;

6) қаланың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және ауылдық округтердің  бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын қабылдау және қарау нәтижелері бойынша қорытындыларын бюджет комиссиясының қарауына ұсыну;

7) қала және ауылдық округтердің бюджеттерінің жобаларын    қаланың бюджет комиссиясының және жергілікті атқарушы органның қарауына ұсыну;

8) қалалық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қала әкімдігінің қаулысының жобасын дайындау;

9) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер беруді және мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыру;

10) бюджет ақшасын басқару;

11) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

12) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;

13) мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары негізінде бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды жүзеге асыру;

14) бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну;

15) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен қаржылық есептілікті қабылдау  және есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсыну;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қалалық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

17) қаланың коммуналдық мүлікті жекешелендіруді, сенімгерлік басқаруға және мүліктік жалға беруді  жүзеге асыру;

18) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен қалалық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да  функцияларды жүзеге асыру.

 

  1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысының өкілетіктері:

1) заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асырады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін қорғайды;

6) Бөлімнің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есеп-шоттарды ашады және жабады, олар бойынша қаржылық операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;

7) бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық туралы құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады;

8) өз құзыреті шегінде заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

20. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Қапшағай қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
04 февраля 2022