(Азаматтық бюджеттің жобасына бюджетке дейінгі түсіндірме жазба)
Қапшағай қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі, Салық және бюджетке тұсетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген міндеттер, Қапшағай қаласының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, бюджет түсімдерін болжау әдістемесі негізінде әзірленді.
2022-2024 жылдарға арналған қала бюджетін әзірлеу барысында бюджет түсімдерінің динамикасы, қала бюджетінің ағымдағы шығыстарының көлемін есептеуде тауарлар мен қызметтерді тұтыну бағалары индексі ескерілді.
Жоспарлы мерзімде бюджет кірістері мен шығыстары 60402,1 млн.теңгені, оның ішінде 2022 жылға 19837236 мың теңге болып есептелді.
Қала бюджетінің 2022 жылғы меншік кірістері 15655063 мың теңге болып есептелді.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 4082644 мың теңгені құрады.
Субвенциялар 2677135 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін субвенциялар 1028482 мың теңге болып есептелді.
Бюджеттік кредиттер 65945 мың теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу 7758 мың теңгені құрады.
Қала бюджетінде ауылдық округтар бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 13991 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер белгіленді.
Бюджет шығыстары төмендегі функционалдық топтар бойынша есептелді:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстары 2022 жылға шығыстар 480726 мың теңгені құрады.
Аталған функционалдық топқа қалалық мәслихат аппаратын, қала әкімі аппаратын, Экономика және қаржы бөлімін ұстау, жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімін ұстау шығындары кіреді.
«Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша 2022 жылы жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі шараларға және дала өрттерін өшіру бойынша іс-шараларға жұмсалатын бюджет шығыстары 22910 мың теңге болып есептелді.
«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобы бойынша 2022 жылға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 30749 мың теңге белгіленді.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобы бойынша 2021 жылдың бюджет шығыстары жоба бойынша 967895 мың теңгені құрады.
Әлеуметтік қолдау саласының шығыстары әлеуметтік көмек төлеуге, патронат тәрбиешілерге берілген балаларды асырап бағуға, еңбекақыны субсидиялауға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлауға, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға, жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларына (бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі), денсаулық сақтау, білім беру, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, ветеринария саласы мамандарына отын сатып алуға, тұрғын үй көмегіне, жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке, үйде оқып, тәрбиеленетін балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге, мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтуға және оларға қызмет көрсетушілерге, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға (инватаксиді ұстау шығындары) бағытталады. Сонымен қатар Үйде әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметін қамтамасыз ету, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін ұстау, Жұмыспен қамту орталығын ұстау, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау шығыстары, әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру үшін бюджеттік кредиттер белгіленді.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2022 жылға 2169086 мың теңге болып белгіленді. Бұл сала бойынша қаражаттар көшелерді жарықтандыруға, қаланың санитариясын қамтамасыз етуге, көркейту және көгалдандыруға, жерлеу орындарын күтіп ұстауға бағытталады. Сонымен қатар сумен қамту жүйесін жаңарту, тұрғын үй салу, тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық құрылымдар салу жоспарланған.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша жоба бойынша бюджет шығыстары 159666 мың теңгені құрады.
Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саласының бюджет шығыстары мәдени-демалыс жұмысын қолдауға, спорттық жарыстар өткiзуге, әртүрлi спорт түрлерi бойынша қала құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуына, мемлекеттік тілді дамыту бойынша іс-шараларға, ақпараттық кеңістікке, қалалық кітапхананы, «Қапшағай қаласының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КМК-ін ұстауға жұмсалады. Сонымен қатар Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімін ұстау шығындарына қаражаттар белгіленді.
«Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» бойынша қаланың жылу жүйелерін жаңғыртуға 2022 жылы 309653 мың теңге жоспарланды.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша 2022 жылдың шығындары 108367 мың теңге болып есептелді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларына, тұрғын үй сатып алуға (салуға) бюджеттік кредиттер, Ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімін ұстауға қаражаттар есептелді.
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобы бойынша шығыстар Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін ұтауға барлығы 34276 мың теңге белгіленді.
«Көлік және коммуникациялар» функционалдық тобы бойынша 2022 жылы жолдарды қысқы мерзімде күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу, күрделі және орташа жөндеу шығыстары 1460563 мың теңге болып есептелді. 2022 жылы 8-10 шағын аудандардың, «Гүлдер», «Қарлығаш» шағына аудандарының жолдарын күрделі жөндеуге, Заречный ауылдық округінің Заречный және Арна ауылдарының көшелерін, Шенгелді ауылдық округінің Сарыбұлақ, Кербұлақ, Қосқұдық, Шенгелді, Ақөзек ауылдарының көшелерін орташа жөндеу жоспарланды.
«Басқалар» функционалдық тобы бойынша Кәсіпкерлік бөлімін ұстау шығыстары, жергілікті атқарушы органның 2022 жылға арналған резерві 158475 мың теңге болып белгіленді.
«Борышқа қызмет көрсету» тобының шығыстары 135064 мың теңге болып есептелді.
«Трансферттер» функционалдық тобы бойынша жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге ағымдағы нысаналы трансферттер 13307978 мың теңгені құрады.
«Қарыздарды өтеу» тобы бойынша бюджеттік кредитерді өтеуге 491828 мың теңге жоспарланды.
Таза бюджеттік кредиттеу 58187 мың теңгені, бюджет тапшылығы 425883 мың теңгені, бюджет тапшылығын қаржыландыру (-) 425883 мың теңгені құрады.
«Қапшағай қаласының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Сатыбалдиева