«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

  

Қапшағай қаласы әкімдігінің 2016

жылғы «__»_____ «Қапшағай

қаласының ауыл шаруашылығы

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы» №____

Қаулысымен бекітілген қосымшасы

 

 

«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

1.Жалпы ережелер

 

1.«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында филиалы мен өкілдігі жоқ.

5.Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-аққ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

6.Бөлім азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

7.Бөлімге. егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапты болуға құқығы бар.

8.Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

9.Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10.Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі №13

11.Мемлекеттік органның толық атауы: «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 

12.Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

13.Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

14.Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысыда шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

            Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынғын кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

            2.Бөлімнің миссиясы, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15.Бөлімнің миссиясы: ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

16.Міндеттері:

1) Қапшағай қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

2) агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;

3) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау.

  1. Функциялары:

1) Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкесмемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

2) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

3) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;

4) Қапшағай қаласында азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есептілікті ұсыну;

5) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу;

6) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы іс-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздей отырып, тиісті қаржыны жылына сәйкес бюджеттік өтінімді ұсыну;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

18) Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

3) Бөлімнің құзіретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

4)жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзіреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

19.Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

20.Бөлімнің бірінші басшысын Қапшағай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21.Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

22.Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1)Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзіреті шегінде айқындайды;

 

 

  2)Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіліенген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;

6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

            Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Бөлімнің мүлкі
  2. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік комуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржаландыру жоспары бойынша өзіне иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  2. Жоғарыдағы Өзгерістер мен толықтырулар заңды тұлғаның меншік иесінің (құрылтайшысының) шешіміне сәйкес енгізіледі және Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігінің жергілікті органдарында тіркеледі.

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.
  2. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Дата публикации
10 декабря 2021