Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан казиноларды, ойын автоматтарының залдарын, букмекерлік кеңселері мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселерінің кассаларын және (немесе) тотализаторларды) орналастыруға арналған аумақтарының шекараларын айқындау туралы
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан казиноларды, ойын автоматтарының залдары, букмекерлік кеңселері мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселерінің кассаларын және (немесе) тотализаторларды) орналастыруға арналған аумақтарының шекаралары айқындалсын.
- «Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы» Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 120 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
- «Қапшағай қаласы сәулет және қалақұрлысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қапшағай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.