Жалпы ережелер
- «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі /бұдан әрі-мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі/ заңдарда ескертілген шекте мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іс жүзінде асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
- Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелер:
1) «Қапшағай қаласы әкімінің мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) Қапшағай қаласы әкімдігінің «Шеңгелді ауылының Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3) «Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» мелекеттік мекемесінің «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4) «Қапшағай қаласы әкімінің қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
- Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанадағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.