«Қапшағай қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің    ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

Қапшағай қаласы әкімдігінің

                                                2020 жыл  «__»__________

№_____қаулысына қосымша

 

 

«Қапшағай қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

 

 ЕРЕЖЕСІ

  1. «Қапшағай қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің  инфрақұрылымын дамыту, көріктендіру және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты заңда қарастырылған шамада дамытып жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады
  2. Бөлімде келесі ведомствалар бар: Қапшағай қаласының  әкімшілігінің шаруашылық жүргізу  құқықтағы «Қапшағай Су Құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, : Қапшағай қаласының  әкімшілігінің шаруашылық жүргізу  құқықтағы «Қапшағай Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Қапшағай Тұрғын Үй».
  3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының конституциясымен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы облысы және Қапшағай қаласы әкімдігі және әкім актілеріне, сонымен қатар, басқа да нормативті құқықтық актілерге  және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгіде бланктері, сонымен қатар, қазынашылықта заңнамаларға сәйкес өз  есеп шоты болады.    
  5. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы аумағында филиалы мен өкілдігі жоқ.
  6. «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің  құрылтайшысы – Қапшағай қаласының әкімдігі.
  7. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
  8. Бөлім заңнамаларға сәйкес өкілетті болса мемлекеттің атынан азаматтық –құқықтық қатынастар жағына шығуға құқылы.
  9. Бөлім заңда көрсетілген тәртіпте өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша,    «Қапшағай қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі бастығының бұйрығымен рәсімделетін  шешімдер қабылдайды.
  10. Бөлімнің құрылымы және штат лимиті қолданыстағы заңға сәйкес қабылданады.
  11. «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің заңды мекен –жайы: 040800. Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, №13.
  12. Заңды тұлғаның толық аталуы: «Қапшағай қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  13. Осы Ереже  «Қапшағай қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
  14. Бөлімнің қаржыландырылуы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
  15. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерге қатысты «Қапшағай қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз міндеттерін орындауына байланысты келісімдік қатынастарға баруына тиым салынады.

       Егер бөлімге заң актісіне сәйкес  табыс әкелуші қызмет құқығы берілсе, табыс мемлекеттік бюджетке бағытталады.

 

  1. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері мен функциялары
  2. Миссия.
  • Тұрғын үй- коммунадық шаруашылығын, инфрақұрылымын дамыту және Қапшағай қаласы мен аймағын көркейту.
  • Су беру, су бұру, газ, жылумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту.
  • Коммуналдық бар салада энергия сақтау технологияларын еңгізу.
  • Тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларында мемлекеттік бақылауды, қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері.

        1) көппәтерлі тұрғын үйді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;

        2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындау;

       3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасына келісім беру;

      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

      5) осы Заңды және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынулар) шығару және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;

      6) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерi өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      7) қажетті жергілікті өкілетті органдарда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту бағдарламасын бекітеді, өндейді және ұсынады;

      8) Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтері инфрақұрылымын, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырады;

       9) Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінде су құбыры шаруашылығын қайта қалпына келтіру және жаңарту бойынша бағдарламалар өндейді, елді мекенді сапалы ауыз суымен қамтамасыз етуді жүргізеді;

      10) апатты үйледі бұзуды жүзеге асырады;         

      11) Қала (облыстық маңызы бар қала)  коммуналдық меншікпен заң актілеріне сәйкес басқару, қорғау әрекеттерін іске асырады;

       12) Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөліп береді;

       13) Жергілікті бюджеттер қаржысының есебіне тұрғын үй көмегі көрсету шаралар қолданады;

       14) Қоғамдық орындарды ішкі әрлеу жұмыстарын және көріктендіру мәселесін шешеді;

        15) Су құбырларының, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін  және тағы басқа  инженерлік ауданның  инфрақұрылым объектілерінің  құрылысын және пайдалануын ұйымдастырады.

 

  1. Функциялар.

        1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нормасын таңдау рәсімінің сақталуы, ағымдағы және жинақ шоттарын ашылуын;

        2) объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын;

        3)  көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу құралдарының болуын;

        4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақтылы орындалуын;

        5) көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды;

        6) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуын;

        7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуді;

        8)  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды;

        9) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.

        10) қаланың мемлекеттік кәсіпорны және пәтер иеленуші кооперативі қызметін үйлестіреді, және оған әдістемелік көмек көрсетеді.

         11) жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді: қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару  және өндеу бойынша қызмет көрсету және бақылау, қаланы жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету (мазутпен қамтамасыз ету),  сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызметі, көше жарықтарын қайта қалпына келтіру және техникалық қызмет көрсету, елді мекенді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету,туысы жоқтарды жерлеу және көму орындарын ұстау, елді мекенді көріктендіру және көгалдандыру, жылу желілерін пайдалану, қазандықтар  және жылу желілерінің  құрал –жабдықтарын жөндеу және жаңарту жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізеді;

       12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды  кезекке қойып есепке алады;

      13) ведомстволық ұйымдарға практикалық көмек көрсетеді;

      14) елді мекенді үлгілі қалпына келтіру, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын, су құбыры шаруашылығын  және бюджеттік сала нысандарын қысқы мерзімге дайындау бойынша іс-шаралардың орындау барысын бақылайды;

      15) Шеңгелді және Заречный селолық округі елді мекенің үлгілі қалыпқа  келтіру бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы  бюджеттен бөлінген қаржыны бөлу мәселелерін қала әкімдігі отырысына ұсынады және дайындайды;

  • тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық мемлекеттік саясатты насихаттайды;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүктелген басқа да функциялар.

 

  1. Міндеттері мен құқықтары:

Бөлімнің өз құзыретіне қарай құқығы бар:

1) қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

2) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;

3)  елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:

мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы;

тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;

анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;

елді мекеннің шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы ақпаратты орналастыру жолымен өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

5) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады;

6) Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

7) мемлекеттік өкімі бар банктың ақпараттық деректер қорларын қолдануға;  

8) бөлімнің жүргізулеріне жатқызылған сұрақтар бойынша мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алысуға;

9) ескі және апатты үйлердің жою жұмыстарын ұйымдастырады;

10) тексеріс кезінде қызметтік куәлігін көрсетіп тексеріліп жатқан нысанға келу.

11) тексеріс кезінде керекті кез-келген мәліметті сұрауға,  тексеріске қатысты құжаттардың түп нұсқасымен танысуға.

12) пәтер иеленушілердің жалпы жиналысында кооператив басшысы төрағасының қызметіне тағайындау талаптарына сәйкес бекітілген квалификациялық талаптарға сай ұсыныс жасау.

        13) тексеріс кезінде тексеріліп жатқан нысанның жұмыс тәртібіне кедергі келтірмеу.

        14) тексеріс барысында қабылдаған құжаттар мен мәліметтердің түгелдігіне жауап беру.

        15) Кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін қүту кезіндегі бұзушылық актісін құру.

        16) Кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін қүту кезіндегі бұзушылықтарды жою бойынша орындауға міндетті ұйғарымдар шығарады.

 

3.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

  1. Бөлім бастығы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басқарады. Сонымен қатар, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және  олардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады.
  2. Бөлімді бөлімнің бастығы басқарады, бөлімнің бастығы қызметіне Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қапшағай қаласы Әкімі  келісімімен тағайындалады және босатылады.
  3. Бөлім бастығының міндеттері:

     1) Бөлімнің және тағы басқа коммуналдық кәсіпорындар  қызметінің басқару және үйлестіруін  жүзеге асырады.

     2) бөлімнің шығындары сметасы туралы ұсыныс еңгізеді.

     3) энергетика басқармасы, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен өзінара әрекет ұйымдастырады.

     4) бөлімнің жұмысының регламаентін, штаттық кестесін қала әкіміне бекітуге ұсынады.

     5) бөлім бойынша бұйрықтарды шығарады.

     6) бөлім мамандарының міндеттері және өкілеттілігін белглейді.

     7) Заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады.

     8) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес бөлім қызметкерлеріне марапаттау және тәртітік сөгіс жариялайды.

     9) барлыұқ мемлекеттік органдарда және басқа да  ұйымдардың алдында бөлімнің мүддесін қорғайды.

     10)  бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді.

     11) «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісе отырып, бөлімді ұстау үшін қаржыландыру жоспарын бекітеді.

     12) банктік шоттар ашады.

     13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша бөлімде жұмыс ұйымдастырады және ол үшін жеке жауап береді.   

     14) қала Әкімінің бөлімге жүктеген басқа да функцияларын орындайды.

  1. Лауазымды міндеттерін орындау мақсатында бөлім басшысының құқығы бар:
  2. қала әкімінің қарауы бойынша коммуналдық кәсіпорындарға нұсқаулар беру.
  3. бөлімнің сұрақтары бойынша қажетті мәліметті талап ету.
  4. бөлімнің қызметін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ұйымдармен келісімшарттарға отыруға.
  5. бөлім басшысының уақытша болмау мерзімінде оның өкілеттіктерін орындау уақытша міндетін атқарушы қолданыстағы заңмен жүзеге асырылады.
  6. осы лауазымдық нұсқамада көрсетілген, қала әкімі мен орынбасары бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функциялардың уақытылы орындалуын қадағалап, жауап береді.
  7. Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, мамандардың арасындағы міндетті үлестіреді, мадақтау және тәртіп жазаларының салуы туралы ұсыныс еңгізеді.

    

  1. Бөлімнің мүлігі.
  2. Бөлім жекешелеген мүлікке оперативті басшылық ету құқығына заң көрсетілуі бойынша ие.

       Бөлімнің мүлкі иесі берген мүліктен  және Қазақстан Республикасы заңына сәйкес басқа табыс көзінен өз қызметімен тапқан (қосымша қаржылай) мүліктен тұрады.

  1. бөлімге бекітілген дүние коммуналдық меншікке жатады.
  2. бөлім өзінің қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікке иелік етуге және өзіне бекітіліп берілген мүлікті, басқа заңдарда ескерілмеген болса, өз бетімен немесе басқа әдіспен рәсімдеуге құқықсыз.

 

  1. Өзгерістер мен толықтырулар еңгізу
  2. Жарғыда өзгестер мен толықтырулар заңды тұлғаның меншік иесінің (құрылтайшысының) шешіміне сәйкес еңгізіледі және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің жергілікті органдарында тіркеледі.

 

  1. Бөлімді қайта құру және тарату.
  2. «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімін қайта құру және тарату заңдарда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

 

 

 

 «Қапшағай қаласының  тұрғын

 үй-коммуналдық шаруашылық

 және тұрғын үй инспекциясы

 бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 басшысы                                                                                     А. Алмабеков

 ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
08 декабря 2021