1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртiбiн айқындайды.
- Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
- Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус не нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат негізінде оның өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті (өтініштерді) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет стандарты) мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
- Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге:
көрсетілетін қызметті берушіде – өтініштің тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
- Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес беріледі.
- Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
- Азаматтардың қалыптастырылған iс макеттерi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға куәлік беру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссияларға (бұдан әрі – арнайы комиссиялар) жолданады.
- Арнайы комиссиялар осы Қағидаларға 5-қосымшағасәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу (тіркеуден бас тарту) туралы шешiм (бұдан әрі – шешім) қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде комиссияның төрағасы куәландырған тiзiмдердi жасайды, олар жеке iс макеттерiмен және арнайы комиссиялардың шешiмдерiмен бiрге Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiберiледi.
Арнайы комиссия комиссия төрағасы куәландырған тізімге сәйкес шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде азаматқа "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесіне 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматқа куәлік береді.
- Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi келiп түскен iс макеттерiн тиiстi журналда тiркейдi және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындайды.
Өтемақы тағайындау үшiн Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын қоса бере отырып, iс макеттерiн олар алынған күннен бастап күнтізбелік бес күннiң iшiнде Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары арқылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдарына (бұдан әрі – өтемақы тағайындау жөніндегі орган) жiбередi.