Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

  «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры.
  2. Лауазымдық міндеттер:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

3.Кандидатқа қойылатын талаптар:

  1. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;
  2. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;
  3. Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжайдағы мемлекеттік орынға тапсыруы тиіс.

4.Қажетті құжаттар:

  • тұрғылықты тіркеу орны,нақты тұратын жері,байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуғаөтініш;
  • жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  • ескертпелер мен көтермелеуді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  • біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  • денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтің құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • соттылықтың жоқ екендігі туралы анықтама;

10)тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

11)мектепті дамыту перспективалық жоспары

Конкурс жайында мәліметтерді төмендегімекен-жайдан хабарласып білулеріңізге болады:

 

Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі 13, 211 кабинет, тел: 8(72772)4-68-41

«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Дата публикации
12 ноября 2021