О некоторых вопросах прохождения государственной службы

Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152
Жарлығы.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23
қарашадағы Қазақстан Республикасының іске Заңын асыру мақсатында ҚАУЛЫ
ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Күші жойылды – ҚР Президентінің 16.08.2017 № 532 Жарлығымен;
2) Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімі;
3) күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен;
4) Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік
қызметшілердің санаттары мен лауазымдары;
5) Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары;
6) "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидалары бекітілсін.
7) күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен;
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.07.2016 № 298 (
01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.08.2017 № 532; 05.05.2018 № 681;
13.11.2020 № 447 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлықтарымен.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми
жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілердің ант беру
ҚАҒИДАЛАРЫ
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 16.08.2017 № 532 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МЕРЗІМІ

Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Дата публикации
29 ноября 2015