Алматы облысы, Қапшағай қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу Ережесі

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 31 бабының, 16-5) тармағына,  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңының  10-3 2 бабының 11) тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулы қосымшасына сәйкес, Қапшағай қаласына бірегей сәулетті келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің шатырларына, фасадтарына ағымдағы немесе капиталды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу ережелері бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласының әкімінің орынбасары Жолдахмет М.Х. міндеттелсін.
  3. Осы қаулы бірінші ресми басылымға шығарылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 Қапшағай қаласының әкімі                                             Н. Куматаев

 

Шараларды ұйымдастыру және өткізу Ережесі
Дата публикации
27 июля 2021