Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері және атқарылған жұмыстар бойынша 2020 жылдың ЕСЕБІ

  Бүгінгі күнге Қапшағай қаласында реестр бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны - 83 (мемлекеттік қызметтер түрі бойынша: электронды түрінде (толық автоматтырылған) – 29 қызмет, қағаз түрінде – 16 қызмет, альтернативтік түрінде (электронды және қағаз) – 38 қызмет), оның ішінде:

  1. Қала әкімінің аппараты – 2 қызмет: жалпы бөлім арқылы – 7 қызмет қабылданады; азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі –8 қызмет;
  2. Қапшағай қаласының білім бөлімінде – 22 қызмет;
  3. Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде – 15 қызмет;
  4. Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінде – 5 қызмет;
  5. Қапшағай қаласының жер қатынастар бөлімінде –3 қызмет;
  6. Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде–4 қызмет ;
  7. Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы –3 қызмет;
  8. Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты – 6 қызмет;
  9. Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты – 6 қызмет ;
  10. Қапшағай қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде – 4 қызмет;
  11. Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде – 1 қызмет;
  12. Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде – 3 қызмет;
  13. Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінде – 3 қызмет;
  14. Қапшағай қаласының құрылыс бөлімінде –2 қызмет;

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қапшағай қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен барлығы - 17 806 мемлекеттік қызмет көрсетілді, жеке тұлғаларға – 17 563,заңды тұлғаларға – 243, оның ішінде:

Қағаз түрінде – 2 370 (13,3 %);

Мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) – 3 860 (21,7 %);

Электрондық түрде – 11 576 (65 %).

Ішкі бақылау бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы. Ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі «2020 жылға арналған мемлекеттік мекемелер көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспарына» сәйкес, 18 бақылау іс-шара өткізді, бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталмады, жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша және басқа да мәселелер бойынша бұзушылықтар болмағанын атап өту керек.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша.

2020 жылы Қапшағай қаласының мемлекеттік мекемелері барлығы 41 іс - шара өткізді, оның ішінде: семинарлар, акциялар.

Электрондық қызметтерді насихаттау бойынша бекітілген кестеге сәйкес 11 бейнероликтер түсірілді.

Жергілікті «НұрлыӨлке» газетінде 16 мақала жарияланды.

Капшағай өңірінде барлығы - 33 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрыштары -картридерлер, принтерлер, сканерлер мен қамтылған.

2020 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтар Қоғамдық кеңестің 4 отырысында және   «Нұр Отан» партиясының 2 отырысында қаралған.

«Сервистік әкімдікте» 6 мемлекеттік мекеме орналасқан: Қала әкімінің аппараты – жалпы бөлім, Қапшағай қаласының жер қатынастар бөлімі, Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі,  Қапшағай қаласының  тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі, Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар   бөлімі. 

Бүгінгі күні сервистік әкімдікте мемлекеттік қызметтердің барлығы 58 түрі көрсетіледі, және басқа да сұрақтар бойынша кеңес беріп, өтініштер қабылданады.

Жалпы, Қапшағай қаласының сервистік әкімдігі барлық қажетті материалдық ресурстармен жабдықталған. Санитарлық талаптардың барлық нормалары сақталған.

Қосымша, ағымдағы айдың соңына дейін Шеңгелді ауылында сервистік әкімдік ашу жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2020 жылға есептік деректер жиынтығы
Дата публикации
18 июня 2021