Қапшағай қаласындағы жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарлама

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес, Қапшағай қаласының білім бөлімі жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қосымша 100 орынға конкурс өткізеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қосымша 100 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысты орналастыру бойынша конкурс Қапшағай қаласында орналасқан жекемешік балабақшалары үшін өткізіледі.

   Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылдың 11 мамырдан  31 мамыр күніне дейін Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі 13, «Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ 211 кабинетте сағат 09.00 ден 18.30 дейін.

 

Дата публикации
05 мая 2021