Мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

  «Алматы облысы білім басқармасының Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурс жариялайды.

Лауазым атауы:

«Алматы облысы білім басқармасының Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Орта мектеп – гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры

Жұмыс орнының орналасқан жері:

Қапшағай қаласы, 4 ықшам аудан, ғимарат 61/1, мекенжайында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Орта мектеп – гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Орта білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

1.Тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

2.Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

3.Педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Қажетті құжаттар тізбесі :

  • өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  • қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  • қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтің құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
  • сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  • біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  • білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
  • білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат қажетті құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде төменде көрсетілген мекенжайдағы мемлекеттік орынға тапсыруы тиіс.

 

Конкурс жайында мәліметтерді төмендегі мекен-жайдан хабарласып білулеріңізге болады:

Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі 13, 211 кабинет, тел: 8(72772)4-68-41

Дата публикации
22 апреля 2021