ЖОБА  Қапшағай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

ЖОБА 

Қапшағай қаласы әкімдігінің кейбір

қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына  және  «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылдың 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабына сәйкес, Қакпшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қапшағай қаласының әкімдігінің «Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2018 жылғы 29 қарашадағы № 848 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 тіркелген, 2018 жылдың 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
  2. Қапшағай қаласы әкімдігінің «Қапшағай қаласының шалғайдағы елдi мекенінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектепке тасымалдаудың тәртібі мен схемасын бекiту туралы» 2015 жылғы                 11 қарашадағы № 601(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3573 тіркелген, 2015 жылдың 19 қарашадағы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары С. Нұрғазиевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

        

Қапшағай қаласының  әкімі                                                       Н. Құматаев

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 марта 2021