ЖОБА       Қапшағай қаласы және Заречный, Шеңгелді ауылдық округтерінің елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту  туралы

ЖОБА

 

      Қапшағай қаласы және Заречный, Шеңгелді ауылдық округтерінің елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту  туралы

 

            Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы  Жер кодексінің 8 бап  2 тармағына, 11 бап 1  тармағына, Қазақстан Республикасының  2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің  510 бап 1 тармағына, 529 бап 6 тармағына сәйкес,  қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:   

  1. Қапшағай қаласы және ауылдық елді мекендеріндегі жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Қапшағай қаласы және Заречный, Шеңгелді ауылдық округтерінің елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және  жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 2, 3 қосымшаларына сәйкес  бекітілсін.
  3. Осы шешімнің орындалуына бақылау Қапшағай қалалық мәслихаттың «Экономика, бюджет және аграрлық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының құрамына жүктелсін.  
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және 2022 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қапшағай қалалық мәслихаты                       Қапшағай қалалық

сессиясының төрағасы                                       мәслихатының хатшысы

_________________ Е. Кашаганов                  ___________ С. Нурсолтанова

                       

Карта
Дата публикации
19 марта 2021