2022 жылға, «Қапшағай қаласының аумағындағы салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулы жобасы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 6 тармағы 529 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, Қапшағай қаласы әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
- "Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен мерзімді басылымдарда ресми жариялануын және қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Жолдахметке жүктелсін.
- Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н.Құматаев