"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ӨКП) – жергілікті деңгейдегі қаржылай емес қолдау операторы;

      2) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалы (бұдан әрі – ӨКП филиалы) – аудандық деңгейдегі қаржылай емес қолдау операторы;

      3) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – ауыл шаруашылығын басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

      4) Бағдарлама операторы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      5) бизнес-жоспар – бизнес-операциялардың қаржы-экономикалық моделін, оларды жүзеге асыру бағдарламасын, бизнес-жоба бойынша кәсіпкердің іс-қимылдарын, фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу нарықтары, маркетинг, операцияларды ұйымдастыру, шығындар және олардың тиімділігі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      6) бизнес-тренер – бизнес-менторлық (коучинг) қағидаты бойынша жобаға қатысушылардың бизнес-жобаларын дамытуға, сондай-ақ сүйемелдеуге қажетті кәсіби құзыреттер мен дағдыларға ие жеке тұлға;

      7) жоба үйлестірушісі – функцияларына кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақтар ұйымдастыру, практикалық оқыту тиімділігін талдау, "кері байланыс" ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушыларға бизнес-жоспар дайындау кезінде жәрдемдесу кіретін жеке тұлға;

      8) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      9) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      10) қаржылық институт – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес банктік операцияларды ұсынатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) қаржылай емес қолдау операторы – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы ("Атамекен" ҰҚП);

      12) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жұмыспен айналысатындар және/немесе жоғары, техникалық және кәсіптік білімі жоқ және/немесе біліктілігі төмен жұмыс орындарында жұмыс істейтіндер;

Правила обучения основам предпринимательства по проекту "Бастау Бизнес"
Дата публикации
05 февраля 2021