Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы

Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы

 

 

25.12.2020жыл                                                                  Заречный ауылы

 

 

Жиналыс төрайымы: Ж. Токсанова

Жиналыс хатшысы: Б.Исанов

 

Қатысқандар:Заречный ауылдық округі әкімінің м.а. Умаров К.Ж.

Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелері 8 (сегіз)адам.

  

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Заречный ауылдық округі әкімі аппаратының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін келісу.

 

       ТЫНДАЛДЫ:

Округ әкімінің м.а. К. Умаров жергілікті өзін-өзі басқарудың 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жоспарын таныстырып, аталған жергілікті қауымдастықтың өзін-өзі басқарудың бюджет жоспарын бекітіп, болашақта басшылыққа алып жұмыс жүргізуді ұсынды.

Округ әкімінің м.а. өз сөзінде 01.01.2021 жылдан бастап қандай салық түрлерінен қаржы түсетінін түсіндірді. Олар жеке кәсіпкерлердің табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, көлік салығы жеке және заңды тұлғалардан, жер салығы жеке және заңды тұлғалардан, сыртқы жарнаманы орнатуға салық, әкімдер салатын айыппұлдар, заңды және жеке тұлғалардан түсетін ерікті жинақтар, жергілікті қауымдастықтың коммуналдық меншігінен кірістер, өзге де салықтық емес түсімдері, негізгі капиталды сатудан түсетін қаржы, аудандық бюджеттің трансферті жайлы кеңінен түсіндіріп берді.

 

Заречный ауылдық округі әкімінің м.а. К. Умаров:

Құрметті жиналған қауым! Заречный ауылдық округі бойынша 2021 жылға жоспарланған бюджетті бекіту туралы келесі жағдайды баяндаймын:

І. Жоспар бойынша 2021 жылдың бюджеті 42 595 мың теңгені құрайды.

1) салықтық түсімдердің барлығы 15600 мың теңге, оның ішінде:

- жеке мүлік салығы – 600 мың теңге.

- жер салығы – 3000 мың теңге.

- көлік салығы – 12 000 мың теңге (заңды тұлғадан – 600 мың, жеке тұлғадан – 11 400 мың теңге)

2) трансферт 26 995 мың теңге болып бекітілген.

- субвенция РБ – 3 433 мың теңге.

- трансферттер түсімі – 23 562 мың теңге.

Бюджеттің шығыстары жағында:  

1.Аппаратты қамтамасыз етуге бөлінгені – 26858,0 мың теңге.

2.Компьютер алуға - 300,0 мың теңге.

3.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша 2 000,0 мың теңге, оның ішінде:

1) көшежарықтандыруға – 1 000 мың теңге;

2) абаттандыруға – 1 000 мың теңге;

  1. Ауылдық округтің 20 көшесіне орташа жөндеуге техникалық құжаттама жасау – 8 000 мың теңге;
  2. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Заречный ауылында саябақты абаттандыру жұмыстарына 5 437 мың теңге қаражат жоспарланды.

 

 

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрайымы Ж.Токсанова:

Құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар Заречный ауылдық округі әкімі аппаратының 2021-2023 жылдарғаарналған бюджет бойынша жоспарланған іс-шаралар бойынша округ әкімінің есебін тыңдадыңыздар. Бюджетті келісу туралы туындаған сұрақтар бар болса қоюларыңызға болады. 

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі Исанов Б:

Құрметті жиынға қатысушылар салық түсімінің көбеюі жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға зор ықпалын тигізеді. Салықтардың мерзімінде төленуі, санитарлық тазалықты қатты бақылауға алып айыппұлдардың салынуы негізінде жергілікті бюджет жылдан-жылға артады.

 

Жергілікті қоғамдастықжиналысының мүшесі Айжанова К:

Салық түсімінің көбеюі есебінен округтегі көшелер мен жолдардың, көпқабаттыүйлер алаңын, ауылымыздың абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жақсарту мүмкіндігі туындайтынын айтты.

Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрайымы Токсанова Ж. 2021-2023 жылдарға арналған жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін келісуді дауысқа салу  туралы ұсыныс жасады.

Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері бірауыздан 2021-2023 жылдарға арналған жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін келісуге дауыс берді.

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешті:

 

  1. 2021-2023 жылдарға арналған жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті келісілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы

 

 

 

Тоқсанова Ж

 

 

 

 

 

Жиналыс хатшысы

 

 

 

Қадырбердиев Ж

 

 

 

Жиналыс мүшесі

 

Кенжекулов М

 

 

 

Жиналыс мүшесі

 

Кобозева Т

 

 

 

Жиналыс мүшесі

 

Исанов Б

 

 

 

Жиналыс мүшесі

 

Айжанова К

 

 

 

Жиналыс мүшесі

 

Кочетова Т

 

 

 

Жиналыс мүшесі

 

Ахметбеков Ж

 

 

 

Жиналыс мүшесі

 

Есенбаева Қ

 

 

 

 

25.12.2020 жылы Заречный ауылының жергілікті қоғамдастықпен өткізілген жиналысқа қатысқан жергілікті қоғамдастық

мүшелері

 

1№

АЖТ

Елді мекен атауы

1

Тоқсанова Ж

Заречный ауылы

2

Кенжекулов М

Заречный ауылы

3

Кобозева Т

Заречный ауылы

4

Қадырбердиев Ж

Заречный ауылы

5

Исанов Б

Заречный ауылы

6

Айжанова К

Заречный ауылы

7

Кочетова Т

Заречный ауылы

8

Ахметбеков Ж

Арна ауылы

9

Есенбаева Қ

Арна ауылы

 

Протокол совещания с членами местного сообщества села Заречный
Дата публикации
25 января 2021