Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Бастапқы материалдарды алғаннан және эскизді (эскиздік жобаны) әзірлегеннен кейін өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушімен келісуді жүзеге асырады.

      Эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған мақсатына, негізгі параметрлеріне, объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешеніне ауытқуларына сәйкес болуы қажет.

Согласование эскиза (эскизного проекта)
Дата публикации
27 января 2021