Шеңгелді ауылдық округінің әкімі С.Ж.Ченкебаевтың «Шеңгелді ауылдық округінің 2020 жылдағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» халық алдындағы есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Шеңгелді ауылдық округінің әкімі С.Ж.Ченкебаевтың

«Шеңгелді ауылдық округінің 2020 жылдағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» халық алдындағы есебінің

ТЕЗИСТЕРІ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын Шеңгелді ауылдық округінде орналасқан мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда, тұрғындар арасында қызу талқылауда.  Жолдаудың  бес бөлімі де  Қазақстан халықысы  үшін үлкен мәнге ие.   

 

14 ақпанда Абай Құнанбайдың 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Қосқұдық ауылының № 9 орта мектебінде оқушылар арасында «Әлемге танылған ұлы тұлғалар» ойыны өтті. Осы іс-шараға «Республикалық «Бір ел – бір кітап» акцияның жыл таңдауы» атты кітап көрмесі дайындалды. Керемет ойынға қатысушылар Әл-Фараби мен А. Құнанбайұлының өлеңдері мен нақыл сөздерін оқыды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және Шеңгелді ауылдық округі әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ағымдағы жылы 15 желтоқсан айында Шеңгелді ауылы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты онлайн концерті өтті.

 

Штат кестесіне сәйкес, ауылдық округ әкімі аппаратының штаттық саны 8 бірлік мемлекеттік қызметшілерден, 6 техникалық қызметкерлерден тұрады, оның ішінде қызметтік автокөлік жүргізушісінің бөлімшесі 2020 жылдың наурыз айынан бастап бос тұр. Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс етпеген немесе уақтылы ұсынбаған жағдайда әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында белгіленген мерзімде декларацияны тапсыруға жауапты адам қатаң бақылау жүргізеді. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудағы мүдделер қақтығысы және жақын туыстарының, жұбайлары мен жақын туысқандарының бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес ауылдық округ әкіміне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіпте және белгіленген мерзімде қабылданып, тіркелінді. Өтініштердің жауаптары сұрау тілінде беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес, бүгінгі күні «Шеңгелді ауылдық округі әкімінің» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 8.

 

2020 жылдың 20 тамызындағы Алматы облысының әкімінің әлеуметтік желісіне Шеңгелді ауылындағы ауызсу жүйесінің жұмысына байланысты Шеңгелді ауылының тұрғынынан  өтініш түскен болатын.

2020 жылдың 19 тамызы күні Шеңгелді топтық су жүйесінің ұңғыма сорғысы істен шығып, елді мекендерге ауызсу тоқтатылған болатын. «Шеңгелді Су» ШЖҚ МКМ-ң теңгерімінде арнайы техникалардың болмауынан жөндеу жұмыстары 20 тамыз күні 8.00 ден 20.00 ге дейін жүргізілді.

Істен шыққан ұңғыма сорғысының орнына жаңа сорғы орнатылып, кешкі сағат 21.00 де елді мекендерғе су беріле бастады.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615     «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Бұйрығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер бірінші тоқсанда өткен жылдың қорытындылары бойынша халықпен есеп беру кездесулерін өткізіп, келесі жылға арналған міндеттерімен таныстырады.

2020 жылдың қаңтар айында Шеңгелді ауылдық округ әкімі аймақ тұрғындарымен 5 есеп беру кездесуін өткізді. Кездесулер барысында көтерілген мәселелер бойынша түсіндірулер берілді.

Әкімдердің тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізу кезінде айтылған азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қосылған қаржылық салымдар мен жоғары органдармен келісуді қажет ететін үш мәселе: 1 сұрақ – Сарыбұлақ ауылының көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, 2 – мектептердің алдындағы автомобиль жолдарына жасанды тежегіштерді орнату, ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге арналған қора-қоршау салу.

 

          Округ бойынша 2020 жылы егіс алқабы 13 666 га асты, олардың ішінде қант қызылшасы – 867 га, майбұршақ – 2 620 га, дәндік жүгері – 356 га, дәнді дақылдар – 4 297 га және басқалар. Агротехникалық ұсыныстарға сәйкес, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер егін егу мен егін жинау шаралары уақытылы өткізілді. Округ бойынша 2510 бас ірі қара малдар, 21 150 бас ұсақ малдар, 1 176 бас жылқылар тіркелінген.

Ауыл шаруашылығындағы проблемалық мәселелер мыналар болып табылады:

  • суармалы судың тарифі, насостық станциялардың тұрақсыз жұмысы;
  • 3, 4 және 5 насостық станцияларға қарасты су желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • 6, 8, 9 насостық станцияларға қарасты игерілмеген алаңдар;

жайылым жерлердің жетіспеушілігі.

2021 жылға міндет: ауыл шаруашылық өнімнің жалпы көлемін ұлғайту.

 

Денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру мекемелері сұйық және қатты отынның 2020-2021 жылыту маусымының сұйық отын мен көмірдің жылдық мөлшері 268903 литр және 30 тоннаны құрайды. Отын кестеге сәйкес жеткізіліп отырды.

«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы аясында Мемлекеттік бюджеттен 7млн. 952 мың теңге бөлініп, 2020 жылы  Шеңгелді ауылының 810 метр арық жүйелеріне жөндеу жұмыстары және Шеңгелді ауылының балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Шеңгелді ауылының көше жарықтандыру желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Округ бюджетінен абаттандыру мен көгалдандыруға 7 млн 705 мың теңге қаражат бөлініп, Ехнич көшесінің бойындағы көп пәтерлі екі қабатты үйлердің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді, Шеңгелді ауылының көше бойындағы өскен ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді, Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке жөндеу жұмыстарыжәне«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-ң ғимаратының карнизін жөндеуге жұмсалды. Сонымен қатар Қосқұдық станциясының кіре берісіне және Шеңгелді ауылының Ехнич көшесіне балалар ойын алаңы орнатылды.

«Қапшағай қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-ң тапсырысымен Шеңгелді ауылындағы Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектеп стадионына 18 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Демеуші күшімен Шеңгелді ауылындағы Шеңгелді өзенінен өтетін 1 жаяу жүргіншілер көпіріне жөндеу жұмыстары жасалды, екі жаяу жүргіншілер көпірі бойынша сұрақтар шешілуде.

          2021 жылға қойылған мақсаттар:

  1. Көше жарықтандыруға жұмсалатын және техникалық қызмет көрсетуге бөлінетін қаржыны көбейту,
  2. Қосқұдық ауылындағы көмір бекетінің жұмысын жандандыру бойынша сұрақтарды шешу,
  3. Шеңгелді өзенінен өтетін 1 жаяу жүргіншілер көпіріне жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша және Шеңгелді ауылының орталығына жаяу жүргіншілер жолының құрылысы бойынша сұрақтарын шешу.

         

Санитарлық тазарту және абаттандыру бірінші кезектегі мәселелердің бірі болып табылады. 2020 жылдың наурыз айының басынан бастап, күн жылынғанына қарай Шеңгелді ауылдық округінің тұрғындарына санитарлық тазалау жұмыстарын жасап, арық желілерін тазалау керектігі бойынша хабарландырулар ілінді, округте орналасқан мекемелерге хабарланды. Наурыз айының басынан округтің әр елді мекені бойынша санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді, әр сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, «Таза сәрсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар Алматы-Өскемен тас жолының Шеңгелді ауылының аумағынан өтетін бөлігіне қоғамдық-ақылы жұмысшылардың күшімен тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілді.

2019 жылы рұқсатсыз төгілген тұрмыстық-қатты зат қалдықтарын жинауға округ бюджетінен 500 мың теңге бөлінді.Соған қарамастан округ аумағының санитарлық тазалығы өткір мәселе болып тұр.2020 жылы әкім аппаратының ұйымдастыруымен рұқсатсыз төгілген 4 тұрмыстық қатты зат қалдықтарының орнын тазаланып, шығарылды. Соған қарамастан, тазаланған орындарға қайта қоқыс төгіп кету фактілері жиі орын алады.Өткен жылы қалалық ветеринарлық станция қызметкерлерімен округ аумағының елді мекендерінен 223 иесіз бос жүрген ит ауланып, әкітілді.

 

«Қосқұдық, Тасқұм, Бөктер, Құлан-Төбе станцияларының сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және салу» жобасы бойынша бюджеттен 431 млн. тенге бөлініп, бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, жаңа желімен елді мекенге ауыз су беру көктем мезгіліне дейін шегерілді.

2019 жылдың 1 маусымында Қапшағай қаласы әкімінің 2019 жылдың 22 сәуіріндегі ю 202 қаулысы негізінде «Қапшағай Су Арнасы»  ШЖҚ МКМ-ң құрамынан бөліну жолымен,  «Шеңгелді Су»  ШЖҚ МКМ-і  құрылды.

2019 жылдың 01 қазанынан бастап 1 текше метр ауызсу тарифі 102 теңгені құрайды. Алайда аталған тариф кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауы үшін өте аз екенін атап өткен жөн. Қазіргі таңда кәсіпорынның қарыздары өсуде.2020 жылдың желтоқсан айында Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментіне «Шеңігелді су» ШЖҚ МКК-і ауызсу тарифін көтеруге сұраныс берген болатын, Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңының 15-бабындағы тарифті қалыптастыру тәртібінің6 тармағы бойынша уәкілетті орган өтінімді ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күні ішінде қарайтын болады. Қазіргі таңда қолданысттағы тариф бойынша облыстық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына субсидия алу үшін тапсырыс берілді, егер қабылданған жағдайда округ тұрғындары 102 теңгенің 30 теңгесін ғана төлейтін болады, қалғанын мемлекет субсидия арқылы төлеп береді.

2021 жылға қойылған мақсаттар:

  1. Шеңгелді топтық су жүйесіне күрделі жөндеуге қаржы бөлінуі бойынша, Шеңгелді ауылында орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы бойынша және кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша сұрақтарды шешу,
  2. Шеңгелді топтық су жүйесін бюджеттен субсидиялау бойынша сұрақтарын шешу.
  3. Облыстық табиғи монополияларға қарсы басқармамен экономикалық негізделген тарифін бекіту бойынша жұмыстарды жүргізу.

 

2020 жылы округ елді мекендерінің  көше жолдарын жөндеуге басым назар аударылды.

          Өткен жылда Шеңгелді ауылының Күрішбаев,Өтеген батыр,Сейфуллин,Бражников,Ехнич көшедерінеорташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Қожахан баба көшесіндегі Шеңгелді өзенінің арнасына су өткізгіш құрылғы қойылып, автокөлікпен өтуге мүмкіндік туды. Бұл жұмыстарға бюджеттен 130 млн151мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында: Шеңгелді ауылының Жамбыл көшесіне, Қосқұдық ауылының Алтынсарин көшесіне, Кербұлақ ауылының кіреберіс жолына, Ақөзек ауылының Төле би көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға бюджеттен 91 млн. 933 мың теңге қаражат болінді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол желісін жақсарту аясында 2020 жылы  21 жол белгілері мен шектеулер орнатылды.

2021 жылға қойылған мақсаттар:

  1. Округ елді мекендерінің көше жолдарына жөндеу жүргізу жұмыстарын жалғастыру.
  2. Жол ережесіне сәйкес жол белгілерінің қалыпты жағдайға келтіру.

 

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылдың 24 желтоқсанына 191 адам жүгініп, барлығы  бағдарламамен қамтылды.

Бірінші бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2020 жылы жергілікті бюджеттен 100 адамға 21 млн. 666 мың теңге бөлініп, оның 20 млн. 979 мың теңгесі игерілді.

Соның ішінде округ бойынша жыл басынан 20 адам қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына Қапшағай көпсалалық колледжіне тігінші, кондитер, аспазшы, электрогазбендаярлаушы, электромонтер, тракторист, оператор ЭЕМ мамандықтары бойынша және Қапшағай қаласындағы «ЖК Dinat» ішіндегі «Dinat» оқу орталығына визажист, шаштараз мамандыктарына жіберілді.

Округ бойынша оқыту курстарын аяқтаған азаматтар қатарынан бүгінгі күнге 20 азамат жұмысқа орналстырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағытын түсіндіру аясында округте орналасқан  кәсіпкерлерінің қатысуымен 2 рет  ақпараттық-түсініктеме жұмыстары өткізілді.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына жыл басынан 29 адам оқуға ниет білдіріп, тіркелді.

2020 жылғы жоспар бойынша 200 айлық есепті көрсеткіш (530 мың 200 теңге) көлемінде 29 адамға мемлекеттік грант берілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 1 айлық есепті көрсеткіштің өзгеруіне байланысты 200 айлық есепті көрсеткіш көлемі 555 мың 600 тенгені құрады. 

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы қайтарылған қаражат есебінен 4 адамға 14 млн. 500 мың теңге мал шаруашылығын дамытуға берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек нарығын дамыту» бойынша жалпы республикалық бюджеттен 17 млн. 513 мың теңге және жергілікті бюджеттен 65 мың 470 мың теңге бөлінді. Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдайының еңгізілуіне байланысты, 2020 жылдың сәуір айынан бастап республикалық бюджеттен қосымша 22 млн. 330 мың теңге 610 адамға қоғамдық жұмысқа және 40 адамға жастар пракикасына бөлінді. Соның ішінде Шеңгелді ауылдық округ бойынша қоғамдық жұмысқа 142 адам, жастар практикасын өтуге 2 жас маман тартылды. Барлық бағдарлама қатысушылар бүгінгі күні жұмыспен қамтылған.

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген  52 аз қамтылған отбасы көмекті бүгінгі күнде алуда. Бағдарлама бойынша әрбір отбасымен түсініктеме жұмыстары жүргізілуде. 

Шеңгелді ауылдық округі бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек 320 азаматқа көмек тағайындалды. Көмектің  жалпы соммасы 4 млн. 444 мың 800 теңгені құрайды. 

«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі.
Аталған акция  Шеңгелді ауылдық округінде жалғасын табуда. 2020 жылдың басынан  бастап акция бойынша әлеуметтік осал топтарына және аз қамтылған отбасыларына, округте орналасқан жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары демеушілік көмек көрсетті. Ауылдық округта ірі қара мал құрбандыққа шалынып,  200 кг ет таратылды. Одан бөлек пияз, картошка, сәбіз, жалпы көлемі 460 кг, 35 отбасыға көмек көрсетілді. Құрбан айт мерекесіне орай, қасапханада құрбандыққа малдар шалынды. Солардың ішінде жеке кәсіпкер  «Жандаева» Қапшағай, Шеңгелді ауылының медицина қызметкерлеріне және емделіп жатқан адамдарға 1 бас ірі қара мал және 1 бас қой малдарын сойып, еттей таратылды. Шеңгелді ауылы шаруа қожалықтарының басшылары 9 бас қой сойып, 40 аз қамтылған отбасыларға еттей көмек көрсетті. Осы мақсатта Бірлік ауылында орналасқан «Бірлік» ЖШС-нің  басшысы  Қыстаубаев Әбдіжаппар Өгізбайұлының  қолдауымен, акция аясында көп балалы, мүгедек жандар, аз қамтылған отбасыларға күрішпен 200 отбасыға көмек көрсетілді. Жаңа жыл қарсаңында кәсіпкерлердің қолдауымен 25 аз қамтылған, көп балалы отбасыларға азық-түлік себетімен, балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтармен және гигиена құралдарымен көмек көрсетілді. Ауылдық округте орналасқан «Асыл тұқымды мал зауыты» АШӨК-тің қолдауымен 5 тонна көмірмен көмек берілді. Жыл басынан  қайырымдылық акциясымен 377 аз қамтылған, көп балалы, мүгедек  адамдарға кәсіпкерлердің қолдауымен көмек көрсетілді.

 

 

Білім беру саласында округте 5 орта мектеп, 2 шағын орталық, 1 мемлекеттік және 1 жеке мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. 2020-2021 оқу жылында № 6 орта мектеп – 956 оқушы, № 7 орта мектеп - 342 оқушы, № 8 орта мектеп – 124 оқушы, № 9 орта мектеп – 85 оқушы, № 10 орта мектеп – 81 оқушымен бастады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейбір мектеп сыныптары қашықтықтап оқыту форматында жүргізіп жатыр.

 

Денсаулық сақтау саласында округте 2 дәрігерлік амбулатория, 3 медициналық пункт, 1 жедел жәрдем пункті жұмыс істейді. Шеңгелді ауылының дәрігерлік амбулаториясында 10 төсек-орынға арналған күндізгі стационар жұмыс істейді.

 

Жастар арасында спортты дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл бойы түрлі спорт түрлерінен  спорттық іс - шаралар ұйымдастырылды.  2020 жылдың ақпан айының 22 жұлдызында Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппаратының ұйымдастыруымен ауыл жастары және мекеме қызметкерлері арасында волейбол ойының жарысы Кербұлақ ауылының  № 7 орта мектебінің спорт залында өткізілді. 2020 жылдың 15 желтоқсан айында Шеңгелді ауылдағы мектеп стадионына қайта жөндеу жұмыстары аяқталып, салтанатты ашылуы өткізілді.

    Ағымдағы жұмыс маусымында студенттер «Жасыл Ел» ішкі жасақ қатарына қосылды. Жаз мезгілінде «Жасыл Ел» жасағының сарбаздары келесі жұмыс түрлерін атқарды: аумақты тазарту, арамшөптерді тазарту, суару, гүл отырғызу, шөп шабу және т.б. Әрбір күрескер жұмысты орындау кезінде жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін еңбексүйгіштікті, жауапкершілікті, адалдықты, бастамашылдықты көрсетті.

Ауылдық округтегі әскери міндеттілердің саны – 1 300 адам, әскерге шақырылушылар 175 адам. Ағымдағы жылы 22 азамат әскери қызметке шақырылды. Белгіленген талаптарға сәйкес, Т-2 карточкаларын қолдана отырып, әскери қызметке шақырылатын адамдарды алғашқы тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сел қаупі кезеңінде кезекшілік кестесіне сәйкес жауапты тұлғалар құрылды. Төтенше жағдайларда қолдануға болатын күштер мен техникалық құралдардың тізімі жасалып, бекітілді.

Өрт қауіпті кезеңге дайындық мақсатында шаруа қожалықтары және ерікті өрт сөндірушілермен жаттығулар ұйымдастырылды, жер иелеріне өрттің алдын алу мақсатында егістік, жайылымдардың айналасына жырту жұмыстарын жүргізу керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2019 жылдың қараша айында Шеңгелді ауылында Қапшағай қаласы әкімінің қаулысымен 12680 мың теңгеге стационарлық модульді өрт сөндіру бекеті орнатылған болатын. Өрт сөндіру бекеті 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезінде Қапшағай қаласы аумағында COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Шеңгелді ауылдық округінің Шеңгелді ауылының кіре берісіне барлық санитарлық нормаларға сәйкес бекет орнатылып, алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Бекет ағымдағы жылдың 15 сәуірінде қойылып, 11 мамырда алынды.Сонымен бірге әкім аппаратының мамандарынан құрылған мониторингтік топ мүшелері  округ елді мекендерінің сауда нүктелерін аралап, карантиндік режимді қатаң сақталуын тексеріп, бетперде тағу керектігін қатаң ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге демалыс күндері жиын, тойлардың болмауын қадағалап, әлеуметтік желілерде карантиндік шаралар туралы ақпараттар таратты. Жеке кәсіпкерлердің инфо Қазақстан порталына тіркелу керектігі бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.

Халық көп шоғырланатын жерлерге дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жасалып отырды. Жаз маусымында демалыс аймақтарының лакдаун кезіндегі жұмысын тексеріп, демалушылардың карантиндік шараларын қатаң сақтауы бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп отырды.

Округте полиция бөлімінің 2 штаттық бірлігі бекітілген, 1 - қызметтік көлікпен қамтылған.

Қазақстан Республикасының «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Заңын іске асыру бойынша Шеңгелді ауылдық округінде «Ерікті сақшы» тобы құрылып, полиция қызметкерлеріне көмегін көрсетуде.

отчет каз Шенгелды
Дата публикации
14 января 2021