Есепті 2020 жылы - «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» аттыжолдауы округіміздің әр елді мекенінде тыңдалып, аталған жолдаудың тиісті тармақтары бойынша жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында, бір жылдық жұмыс жоспары құрылды. Аталған жоспар негізінде, 2020 жылы округімізде келесі бірқатар іс шаралар жүргізіліп, сұрақтардың шешімі табылды:
«Заречный ауылдық округінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2020 жылға қойылған міндеттері» туралы 2020 жылғы есептік кездесуде тұрғындар тарапынан 4 сұрақ қойылған. Аталған сұрақтар 2020 жылы толық орындалып, іске асырылды.
Бірінші – Арна ауылы, Центральная көшесі бойына көшежарықтандыру шамдарын қосу туралы сұрақ бойынша, 2020 жылдың желтоқсан айына, Арна ауылы, Центральная көшесін жарықтандыру мақсатында, демеушілік көмекпен 15-дана жарықдиодты шамдар және 1 км электр кабелі сатып алынды, қазіргі таңда аталған жұмыс 80-пайызға орындалды.
Екінші – Заречный ауылы, шағынаудандағы қоқыс контейнерлерін көбейту туралы сұрақ бойынша, Іле ауданының «Таза жер» ЖШС-мен Заречный ауылының шағынауданы мен Тәуелсіздік, Весенняя, Школьная, Абая көшелеріне қосымша бөлек сұрыпталатын 18 контейнер және жалпы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 40 контейнерлер орнатылды.
Үшінші – Заречный ауылы, Абай, Мәметова көшелері тұрғындарына спорт алаңдарын салу туралы сұрақ бойынша, 2020 жылдың шілде айында Заречный ауылы, Абай көшесінің бойында, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында, «NurTemirGasStroy»-ЖШС мен, 5,437 млн.теңге қаражатқа – шағын футбол алаңы салынып, қолданысқа берілді.
Төртінші - Арна ауылындағы жаңадан беріліп салынған жер үйлерге газ құбырын тарту жұмыстары туралы сұрақ бойынша, Арна ауылында 2020 жылдың желтоқсан айына барлығы: 55 жер үй көгілдір отынға қосылған. Оның ішінде: 50-үй негізгі көшелерден, 4-үй жаңадан түскен көшелердегі үйлер және 1 дүкен ғимараты.
Қаңтар айы – округімізде әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын толтыру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сонымен қатар округ аумағында тұрғылықты тұратын, уақытша тұратын азаматтарды, мал басы санын анықтау жұмыстарын жүргізуден басталды.
Заречный ауылдық округі бойынша тұрғындар саны 6816 адам. Оның ішінде 5675 адам Заречный ауылында тұрады, Арна ауылында 1141 адам тіркелген.
І. Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша:
Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2020 жылдың басынан бері Заречный ауылдық округі тұрғындарынан 13 өтініш(Арна-6, Заречный-7) түсіп, барлығы қанағаттандырылды.
Есепті жыл басынан жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын тағайындау үшін, 13 отбасынан өтініш түсіп, оның 10 отбасы-шартты ақшалай көмек, 3 отбасы - шартсыз көмек тоқсан сайын алуда. Жұмыссыздық бойынша 2020 жылы Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 30 адам тіркеліп, олар 100% жұмыспен қамтылды.
Округ аумағында орналасқан 3 түзету мекемелері, 1 әскери бөлім, 2 мектеп, 3 түзету мекемесі қарамағындағы мектеп, 2 түзеу мекемесі қарамағындағы кәсіптік колледждер, дәрігерлік амбулатория, пошта байланыс торабы, «Ақ-бұлақ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, сонымен қатар жалпы саны 12 орта және шағын кәсіпорындар, 2 жылыжай кешені округ тұрғындарының 3486 адамын жұмыспен қамтып отыр.
2020 жылдың қазан айында округ бойынша әлеуметтік сала қызметкерлері, жалпы саны 189 адам бірреттік коммуналдық көмек алды.
Қапшағай қаласының жұмыспен қамту бөлімімен бірлескен шағын несиелендіру бойынша Заречный ауылдық округінен 7 адам өтінім беріп, «Бастау» бағдарламасы бойынша 5 адам оқып бітірді.
Округ жастарынан 5-азамат, қайтарымсыз 500-мың теңгеден мемлекеттік грант иеленіп, кәсіптерін бастады.
Ағымдағы жылдың наурыз айы короновирус індетінің таралуына байланысты, елді-мекендерде карантин режимін сақтау, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, арнайы комиссия құрып, карантин режимін сақтау бойынша жұмыстар атқарылды. Арнайы блок-посттар қойылып, кезекшіліктер ұйымдастырылды.
Карантин кезінде табыс көзінен айырылған отбасыларға, демеушілік көздері ұйымдастырылып, азық-түлік пакеттері таратылды. Барлығы 200-ге жуық Заречный және Арна елдімекендерінің отбасыларына азық-түлік таратылды.
Округтік жастар жасағы, «Нұр Отан» партиясы және «Лидер-кз» волонтерлік қозғалысы арқылы округ аумағындағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты аналарға, сонымен қатар көп балалы отбасыларға азық-түлік таратылды.
Ауыл тұрғындарының арасынан 7-категория бойынша, 15-мың теңге коммуналдық төлемдерге құжаттар қабылданып, Қапшағай қаласының Бірыңғай есеп бөліміне тапсырылды.
Ағымдағы жылдың 1-қазаны «Қарттар мен мүгедектер күніне» округ аумағындағы 75-жастан асқан, барлығы 70 қария мен 14 мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пакеттері ұйымдастырылды.
Мұғалімдер күніне, округ аумағында білім саласына қосқан үлестері үшін 14-мұғалім марапатталып, еңбектері еленді.
1-желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» қарсаңында, округ аумағындағы жалғызбасты, азқамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілік көмек есебінен, қатты көмір таратылып берілді. Жалпы саны 12 отбасына бір реттік көмек көрсетілді.
ІІ. Экономика және өндіріс саласы бойынша:
Заречный ауылдық округі бойынша барлығы 80 шаруашылық субъектілері тіркелген. Оның ішінде 26 ЖШС, 11 шаруақожалығы, 36 жеке кәсіпкерлер.
Сонымен бірге Заречный ауылдық округі бойынша 19 құм кеніші орналасқан оның ішінде, бүгінгі күні нақты жұмыс істеп тұрғаны 7 құм кешені.
Салық және бюджеттік төлемдер бойынша:
«100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша: Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілген салықтың 5 түрі (жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлік және жер салығы, жеке және заңды тұлғалардың көлік салығы, заңды тұлғалардың жер салығы) бойынша жұмыс атқарылуда. Жыл басынан, бүгінгі таңға дейін салықтың 5 түрі бойынша, 12618,7 мың теңге салық өндірілді, 2020-жылға белгіленген салық 4535,0 теңге болса, бүгінгі таңға салық сомасы 27,3 пайызға артығымен орындалып отыр.
ІІІ. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары бойынша:
Заречный ауылында бір орталық жылу қазандығы «Қапшағайжылу» МКК-ң Заречный филиалы жұмыс істейді. Аталған жылу қазандығында жалпы өндірістік күші 0,6 тонна сағатына бу шығаратын 2 бу қазандығы мен 3 су жылыту қазандығы орналасқан. Су жылыту қазандығының жалпы өндірістік күші сағатына 9,0 Гкал.
Жоба бойынша жылу жүйелерінің ұзындығы 7,2 шақырым. Ал, 2020 жылы қосымша тартылған жүйелердің есебінен 15,02 шақырымды құрайды. Жылу жүйесіне қосылған абонеттердің саны соңғы екі жылда 451-ден 731-ге өсті. Оның ішінде 4-әлеуметтік нысан, 147 жер үй, 711 пәтер.
Ағымдағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандардың жылу жүйелері тазаланып, дайындық паспорттары әзірленді. Қазан айының 03-жұлдызы барлық әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу мерзімінен бұрын берілді.
Заречный ауылындағы 140 және Арна ауылындағы 173 жер үйлер қатты отынмен (көмір) жылытылады. Округ тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз етумен Заречный ауылындағы теміржол қоймасында орналасқан «Тоғжан» жеке кәсіпкерлігі айналысады. Аталған қоймада «Шұбаркөл» маркалы көмірі тоннасына 14 мың теңгеден сатылуда.
Арна ауылындағы 2 әлеуметтік нысан №11 орта мектебі және фельшерлік пункт қатты және сұйық отынмен жылытылады. Бұл мекемелердегі қысқы жылыту маусымындағы отынмен қамтамасыз етілуі үнемі округ әкімдігінің бақылауында.
«Цифрлі Қазақстан» бағдарламасы аясында округ көлемінде орналасқан мемлекеттік мекемелерді жылдам интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Заречный ауылында 1,5 шақырымға Арна ауылында 6 шақырымға талшықты-оптикалық жылдам интернет желісі тартылды.
2020 жылдың наурыз айында Арна ауылының тұрғын үйлеріне алғаш рет көгілдір отын берілді. Маусым-шілде айларында Заречный ауылындағы көпқабатты тұрғынүйлердің тұрғындарымен табиғи газ тарту мәселесі бойынша, Пәтер иелері кооперативімен бірлескен кездесулер өткізілді. Көпқабатты үйлерге газ құбырын тарту жұмыстары 2021 жылға шегерілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы аясында Заречный ауылдық округінде Заречный ауылында Төле би, Мира, Садовая, Тәуелсіздік көшелері, Арна ауылында Набережная көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат бөлініп, шілде айында жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Есепті жылы Арна ауылына баратын 6 шақырым жолға шұңқұрларды тегістеу жұмыстары жүргізілді.
Есепті жылы, Заречный ауылының Мира-2, Набережная, Школьная көшелеріне және Арна ауылының Новая көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді.
2020 жылыЗаречный ауылының Центральная, Дзержинский, Абай және Советская көшелерінің шамдары – жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. Аталған жұмыстар 2021 жылы басқа да көшелерде жалғасын таппақ.
Көктемгі санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру айларында ауылдың көрнекі жерлеріне ағаш көшеттері мен гүлдер, гүлзарлар отырғызылды. Жыл басынан бері барлығы 500-ге жуық ағаштар және 3,8 км жол жиектері әктелді.
Қатты тұрмыстық қалдықтар шығаратын қоқыс алаңдарына қосымша 70-контейнерлер қойылды.
Қаңтар айында қала әкімінің есеп беру кездесуінде көтерілген, Заречный ауылы, Желтоқсан көшесінің тұрғындарын ауыз суға қосу мәселесі бойынша, аталған көшеге ауыз су құбырлары тартылып, бүгінгі күні үйлерге тарту жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылдың шілде айында «Қапшағай қаласының тұрғынүй коммуналдық шаруашылық және тұрғынүй инспекциясы бөлімі» ММ-і арқылы Заречный ауылы, Тәуелсіздік көшесінде футбол стадионын салу жұмыстары жүргізілді. Аталған мақсатқа жергілікті бюджеттен 22 млн. теңге қаражат қарастырылған. 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні қарсаңында аталған нысан салтанатты түрде қолданысқа берілді.
2020 жылдың тамыз айында, Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында Заречный ауылынан шағын футбол стадионын салуға қажетті 0,30 га жер теліміне, Абай көшесі, №36 «А» мекен-жайынан қажетті құжаттары рәсімделіп, дайындалды. Аталған бағдарлама аясында 5437 млн. теңге қаражат бөлініп, стадион құрылысы жүргізілді. Жоғарыда, аталғандай, бұл мәселе бірнеше жыл қатарынан Абай, Мәметова, Алтынсарин көшелерінің тұрғындарымен көтеріліп келген еді.
2020 жылы, Арна ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 25 млн. тг қаражат бөлініп, аталған жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар, ауылдық клуб ғимараты газ жүйесіне қосылды.
Заречный ауылдық клубының ғимараты апатты деп танылып, тиісті құжаттары рәсімделді.
ІҮ. Ауыл шаруашылық саласы бойынша:
2018 жылдың қорытындысы бойынша, Ірі қара мал саны -650 бас, ұсақ мал саны -2190 бас, жылқылар – 91 бас, шошқалар-90 бас, үй құстарының саны -5230.
Заречный ауылдық округінде малшаруашылығымен айналысатын барлығы 15 шаруақожалығы, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын 1 кәсіпорын, 2 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, құс еті өнімін өндірумен айналысатын 1 жеке кәсіпкер, 2 бордақылау алаңы жұмыс атқаруда.
2020 жылы Заречный ауылдық округінде «ЗаРа Гранд» ЖШС-гі жасыл желектердегі зиянкестерден және жасыл желек ағаштарының ауруларының алдын алу мақсатында көктемгі күзгі химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Заречный және Арна ауылдарынан барлығы 103 бас қаңғып жүрген ит ауланып, жойылды. Аталған жұмысты Қапшағай қаласының ветеринарлық станция мамандарымен бірге іске асырды.
Ү.Білім беру саласы бойынша:
«Заречный ауылындағы №12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі:
2019-2020 оқу жылында мектепті 823 оқушымен аяқтап, 11 сыныптың 9 оқушысы толық ҰБТ-ге жіберілді, нәтижесінде 9 түлектің барлығы 100-пайыз грантқа ие болды.
Аталған оқу орнында 2020 - 2021 оқу жылында жалпы саны 854 оқушы білім алуда, оның ішінде Іле ауданының саяжай массивтерінен 268 оқушы қатынап оқыса , ВКК анықтамасы негізінде 2 оқушы үйден оқытылады. Биылғы оқу жылын №12 орта мектеп ұжымы 73 педагог қызметкерлер жұмыс атқаруда.
Арна ауылындағы №11 орта мектебі:
Арна ауылындағы №11 орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында жалпы оқушы саны 205 құрады. 6 оқушы 11 сыныпты бітіріп, 5 оқушы -мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орнына, 1 оқушы колледжге түсті.
Заречный ауылындағы №2 кітапхана –филиалы:
Сонымен қатар, Заречный ауылдық округінде кітап қоры 5434, мемлекеттік тілде-2887дананы құрайтын – Заречный ауылындағы №2 кітапхана –филиалы өз оқырмандарына қызмет көрсетуде.
Балабақшалар:
Жалпы Заречный ауылдық округінің мектеп жасына дейінгі балаларын, мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен, Заречный және Арна ауылдарындағы «Еркетай» балабақшалары, №12 орта мектеп қабырғасындағы «Айгөлек» шағын орталығы, сонымен қатар саяжайдағы «Інжу» балабақшасы қамтыйды. Жалпы мектеп жасына дейінгі балалар, 80-пайызға балабақшамен қамтылған.
ҮІ.Денсаулық сақтау саласы, оның ішінде «COVID-19» бойынша мәліметтер:
Заречный ауылдық амбулаториясында жалпы саны 9 медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Арна ауылының медициналық пунктінде 1 фельдшер халыққа қызмет көрсетуде.
Заречный ауылында 1-дәріхана жұмыс істеп тұр.
Пандемияның, 1-толқынында оң нәтижелі КВИ бар 10 адам анықталды, оның ішінде 10 адам асимптоматикалық. Пневмониямен емделген адам саны-10.
КВИ-дің 2 толқынында 2 оң нәтижелі адам анықталды, оның ішінде 2 асимптоматикалық немесе жеңіл формасы бар, пневмониямен емделген адам саны-137.
ШЖҚ "Қапшағай қалалық ауруханасы" МКК өзінің бюджет қаражатынан КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін дәрілік заттарды, дезинфекциялық құралдар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырды.
КВИ науқастарына медициналық көмек көрсетуде 10 қызметкер қамтылды, оның ішінде дәрігерлер - 2, орта медперсонал - 7, кіші медперсонал - 1, өзге де персонал - 1.
Заречный ауылдық амбулаториясы мен Арна ауылдық акушерлік фельдшерлік пунктте санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді, Маска режимі ұйымдастырылды, медицина қызметкерлерінің кезекті еңбек демалысына шығуы тоқтатылды, барлық медициналық персонал олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауға дайын. Сондай-ақ, КВИ бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты тұлға тағайындалды.
Шектеу іс-шараларына сәйкес шұғыл және жоспарлы пациенттерді covid-19 алдын ала тексерумен таза аймаққа қабылдайды.
Дезинфекциялық режимді қатаң сақтау сақталады(қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылған, бетті күніне кемінде 3 рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету).
Қазіргі уақытта ауылдық амбулатория мен фельдшерлік пунктте дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, жеке қорғану құралдарының, антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының қажетті санымен қамтамасыз етілген.
СИЗ Қоры.- бір рет қолданылатын маскалар-1000 дана,-респираторлар-20 дана, обаға қарсы костюмдер-20 дана, - бір рет қолданылатын бал.халаттар - 20 дана,-қорғаныш көзілдірік-20 дана,-бір рет қолданылатын қолғап-50 дана,-қорғаныш экран-10 дана.
Дәрілік препараттардың 6 айлық қоры бар.
YII. Мәдениет және спорт саласы бойынша:
Заречный ауылдық округіндегі жастар саны – 898 адам. 2020 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін 200 –ге жуық жастың қатысуымен 20-ден аса іс-шара өтті, оның ішінде: денсаулық сақтау, білім, тәрбие беру, әлеуметтік бейімделу, физикалық, рухани және адамгершілік дамуды жүзеге асыруға, жастардың жұмыспен қамтыулын және жастар арасындағы азаматтық-құқықтық тәрбие болуын ұйымдастыру мақсатында акциялар, дөңгелек үстелдер, отырыстар, семинарлар, кездесулер, сауалнамалар тағы басқа шаралар; Үкіметтік емес ұйымдармен, діни, құқық қорғау, ұлттық-мәдени орталықтармен, «Жас Отан» жастар қанатымен, студенттік ұйымдармен және жастардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау мақсатында бірқатар іс- шаралар өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жариялауына орай, Заречный ауылдық округігіндегі ауыл жастармен кездесу өткізіп, нәтижиесі округ бойынша, Еріктілліке 14-29 жас аралығындағы 17 жастар қабылданды.
COVID-19 пандемиясына байланыстыкөптеген іс-шаралар онлайн форматта өткізілді.Пандемияның алғашқы толқынында округімізде жұмысынан айырылған, әлеуметтік жағдайы осал топтар (аз қамтылған, мүгедек, көпбалалы отбасылар) тізімі жасақталып, Еріктілер мен демеушілердің көмегімен, «Біз Біргеміз» жалпы ұлтылық акциясы арқылы азық- түлік, гигиеналық заттар, бетперделермен , 200 ден аса отбасыға көмек көрсетілді.
«Біз Біргеміз» акциясы аясында, Заречный ауылдық округінің еріктілер тобы және демеушілердің көмегімен Заречный ауылының жалғызбасты тыл ардагері Платонова Мария Александровнаның бұзылған есігінің орнына жаңасын орнанып, Попова Любовь Александровна жалғыз басты карт апамыздың үй шаруасына көмектерін көрсетті.
Алматы облысы әкімдігінің тапсырмасымен Қазақстан Республиккасының Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауларын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын, «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасын, сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы -2020», «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020», «Дипломмен ауылға!», «Серпін-2050», «Білім беру жинақтау салымдары және білім беру кредиттері» бағдарламаларын насихаттау бойынша, Облыстың көшпелі жұмыс тобы ауыл жастарымен кездесу өткізді.Кездесу санитарлық нормаларды сақтай отырып, 15 адамды қамтыды.
«Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру» мақсатында, Еріктілердің көмегімен -EGOV Жаршысы Еріктілер қозғалысының округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. EGOV Жаршысы Еріктілер қозғалысының басты мақсаты egov.kz парталын пайдалану арқылы халыққа қажетті мәліметтерді алу.
Заречный ауылдық округінде спорт және дене шынықтыру саласын дамыту мақсатында 3 спорт залы 2 футбол алаңы бар. Сонымен қатар «Қапшағай қаласындағы балалармен жасөспірімдер спорт мектебі» округімізде күрес түрлерінен бөлімдері жұмыс атқаруда. Олар: қазақша күрес, самбо, дзюдо, еркін күрес. Аталған спорт түрлерінен 3 жаттықтырушы жұмыс атқаруда. Спортпен айналысушылар саны 360 оқушы. Аймақ бойынша оқушылармен жасөспірімдер облыстық, республикалық деңгейде жаксы нәтиже косетуде. Округіміздің жас палуандары барлығы республикалық, облыстық, аудандық 7 жарысқа қатысып - 9 алтын, 7 күміс, 23 қола медальға ие болды.
«Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға алға қойған міндеттері:
9.Жас ағаш көшеттерін, гүлзарларды отырғызу;