Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды ұйымдастыру.
Бюджеттiк бағдарламаның міндеті (түпкілікті нәтиже): Өңірдегі мәдениет және тілдерді дамыту органдарының жұртшылықпен бірлескен қызмет саласын кеңейту. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасау.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету.