Алматы облысы, Қонаев қаласы бойынша жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюды бастау туралы
Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспарын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының жоспарларын және аумақтарын аймақтарды бөлуге түзету туралы, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84, 85, 86, 87- және 88-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Занының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, «Алматы облыстық құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 25 тамыздағы № 29-01-11/451-И хатың, жер учаскесінің экспликациясын қарай келе қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты қосымшаға сәйкес кейбір жер учаскелерін алып қою басталсын. Қосымшада аталған жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою мерзімі заңда көрсетілген мерзімде белгіленсін.
- Келісу рәсімін іске асыру үшін аталған жер учаскелерінің меншік иелері «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінсін.
- «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті іс-шаралар қабылдансын.
- «Қонаев қаласының жер қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесіне осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау жүктелсін.
- Осы қаулының орындалуы Қонаев қаласы әкімнің орынбасары Ж.Оңалбаевқа жүктелсін.
Дата публикации
08 октября 2026