Іскер аймақ – «Даму» қоры арқылы іске асырылатын кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлемені төмендетуге арналған бағдарлама. Оның қатысушылары: микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері.

Берілетін несиенің сомасы – 200 млн теңгеге дейін. Бұл қаржы инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру мақсатында беріледі. Субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін. Бағдарламаға қатысушылар экономикалық басым салаларға қаражат ала алады. Одан бөлек, облыстың аудандарына жеке 6 басым саладан қосылды. Қонаев қаласы бойынша :

551

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

561

Мейрамханалардың қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

522

Қосалқы көлік қызметі

861

Аурухана ұйымдарының қызметі

851

Мектепке дейінгі білім беру

521

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

 Сіздің бизнесіңіздің орналасқан мекенжайына қарай субсидиялау салалары да əртүрлі болуы мүмкін. Толығырақ ақпаратты «Даму» қорының ресми сайты damu.kz-тен біле аласыздар немесе 1408 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қолжетімді. Мұнда сондай-ақ, əлеуметтік кəсіпкерлерге көбірек қолдау көрсетіледі. Олар үшін салалық шектеулер алынып тасталынды, яғни кез келген кəсіп түріне қаржы алу мүмкіндігі бар, ал субсидиялау мөлшері сыйақының номиналды мөлшерлемесінің 50 пайызы деңгейінде белгіленді. Бағдарламаның қалған қатысушылары үшін бұл көрсеткіш 40 пайызды құрайды. Инвестицияларға қойылатын талаптар да өзгерді. Кəсіпкерлер жабдықтарды, техниканы, көлікті, құрылыс материалдарын жəне басқа да активтерді тиісті тізілімге енгізілген қазақстандық өндірушілерден сатып алуы тиіс. Егер қажетті тауар тізілімде болмаса, оны басқа өндірушілерден сатып алуға жол беріледі. Бағдарламаға қатысу үшін кəсіпкер, «Даму» қорының серіктесі болып табылатын екінші деңгейдегі банкке, қаржыландыру алу үшін өтінім береді. Қаржыландыру мақұлданғаннан кейін жоба субсидия беру туралы шешім қабылдау жəне қарау үшін «Даму» қорына жолданады

Дата публикации
07 октября 2026