Қапшағай қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі, Салық және бюджетке тұсетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген міндеттер, Қапшағай қаласының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, бюджет түсімдерін болжау әдістемесі негізінде әзірленді.
2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетін әзірлеу барысында бюджет түсімдерінің динамикасы, қала бюджетінің ағымдағы шығыстарының көлемін есептеуде тауарлар мен қызметтерді тұтыну бағалары индексі ескерілді.
Жоспарлы мерзімде бюджет кірістері мен шығыстары 15 400 317 мың теңгені, оның ішінде 2021 жылға 7 224 956 мың теңге болып есептелді.
Қала бюджетінің 2021 жылғы меншік кірістері 2 726 864 мың теңге болып есептелді, бұл бюджет кірістерінің 37,8%-ын құрайды.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 3 892 349 мың теңгені (53,9%) құрады.
Субвенциялар 2 285 996 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін субвенциялар 16 150 мың теңге болып есептелді.
Бюджеттік кредиттер 28 751 мың теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу 5 998 мың теңге болып жобаланды.
Қала бюджетінде ауылдық округтар бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 13 389 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер белгіленді, оның ішінде Заречный ауылында скверді абаттандыруға 5 437 мың теңге, Шенгелді ауылында шағын футбол алаңын абаттандыруға 7 952 мың теңге.
Бюджет шығыстары төмендегі функционалдық топтар бойынша есептелді:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстары 2021 жылға шығыстар 353 220 мың теңгені құрады.
Аталған функционалдық топқа қалалық мәслихат аппаратын, қала әкімі аппаратын, Қаржы бөлімін, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін ұстау, жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу шығындары кіреді.