«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Алматы облысы Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі Алматы облысы Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында құрылсын.
2.Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Э.Куздеубаева
Хатшы Г.Айтимбетова